Қоғам

Алматы облысында алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – «Алғыс айту» күні.  Бұл, аумалы-төкпелі заманда қазақ жерінен пана тапқан ұлттардың дархан халыққа білдірер ізгі ниеті мен ілтипатының  негізі болған күн. Аталмыш мереке елімізде қатарынан 9 жылтойланып келе жатыр.  Дәстүрден жаңылмайАлматы облысында да «Алғыс айту — адамгершіліктің бегісі» атауымен іс-шара өтті.   Мерекелік шараның өтуіне облыстық «Қоғамдықкелісім және даму орталығы» КММ –і мұрындықболды.

Айтулы күн Қазақстан халқының барлық өңірлік ассамблеяларының қатысуымен  (ҚХА) мерекелік телекөпірден басталды. Тікелей байланысқа қатысуүшін облыс әкімдігінің ғимаратына Алматы облысы әкімінің орынбасары НұржанҚұдайбергенов және этномәдени орталықтардыңөкілдері жиналды.

Кездесуді аша отырып, ҚХА төрағасыныңорынбасары Марат Әзілханов Алғыс айту күні-біздің бірлігіміздің, тарихи жадымызды сақтаудың, ұрпақтар байланысын және халықтың бірлігіннығайтудың символы екенін атап өтті.

Телекөпірге байланысқа шыққан өңір басшысыныңорынбасары Нұржан Құдайбергенов «Алғыс айту» күні жай ғана мереке емес екенін алға тартты.  Ол ,бірегей мейрам— бірлік пен достықтың, өзарасыйластықтың символы екенін айтты. Жауаптылар, мереке күні ұйымдастырылған шараның басты мақсаты өткенге шегініс жасай отырып, этносаралық ынтымақты арттыру дейді.  

«Алғыс айту» күні біршама жылдан бері аталып келеді.  Жай ғана жалаң сөзбен дәріптелетін күн емес. Тарихы тым тереңде жатыр. Оның мән-маңызын қоғамға, нысаналы аудиторияға жеткізу сіз бен бізге парыз. Осыған орай, жер-жерде түрлі шаралар өткізіледі. Біздің Алматы облысында да түрлі жұмыстар атқарылып, 100-ге тарта іс-шара өткізілді. Әлі де жалғасын табады»,-деді «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ директоры Елбосын Абай.

Шараның екінші бөлігі мәдениет үйінде жалғасын тапты.

Ғимараттың алдында   8 бірдей  этномәдени бірлестіктердің   және қол өнер шеберлерінің бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, түрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамдарынан арнайы дәм әзірленіп, келген қонақтарға ұсынылды.  Шараның негізгі бөлімінде қоғам дамуына үлес қосып, елдің алғысына бөленген жандарға Алғыс Хат пен арнайы статуэтка табысталды. Бұдан бөлек, шара барасынында «Қоғамдық келісім және даму» орталығының бастауымен жарияланған«Қазақстан-бақыт мекені» атты үздік бейнероликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты жиында сөз алған Алматы облысы ішкісаясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсел Жалғасбаева барша отандастарды ерекше мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде,көпұлттыҚазақстан халқы үшін бұл мерекенің мәні – терең, маңызы – ерекше екенін айтты.

«Алматы облысы – еліміздегі көптеген этнос өкілдері тығыз қоныстанған өңірдің бірі. Бүгінде аймақта 105 этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.Бүгінде азаматтарымыз егемен елімізді дамытуға, қастерлі қазақ жеріндегі бейбітшілікті, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда. Бірлік пен жарасымды сыйластық сияқты қастерлі құндылықтар біздің еліміздің әрдайым айнымас темірқазығы болып қала береді.Облыста арнайы кешенді жоспар әзірленіп, өткізілді»,-деді Әсел Мұратқызы.

Аймақтағы идеологияға жауапты жанның сөзін республикалық «Ассамблея жастары» ҚБ Алматы облыстық өкілдігінің төрағасы Вера Плетнево жалғастырды.     Қазақ жерінде дүниеге келіп,қазақтың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, тілін меңгерген ару, бірлік пен тұрақтылық қанажасампаз елді жаңа белеске көтеретінін айтып, жерлестеріне жылы лебізін жеткізді.

Қонақтардың жүрек жарды тілектерінен кейін концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды. Әр ұлттың мәдениетінен сыр шертетін күмбірлі күй мен әуезді ән шырқалды. Ұлы даладағы ажырамас татулықтың тамыры тереңде екенін бейнелейтін ұлттық билер сахналанды.  Шара соңында Ескендір Хасанғалиевтің патриоттық сезімге толы «Атамекен» әні шырқалды. Осылайша, «Алғыс күні» өз дәрежесінде аталып өтілді.

Related Posts

Жетісу облысы

Талдықорған қаласы Мансап орталығының көмегімен 929 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған

Жыл басынан Талдықорған қаласының мансап орталығына 827 адам жұмысқа тіркелді. Жұмыспен қамту саласында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыратын орталықтың алты айлық жұмыс нәтижесімен өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде Талдықорған
Қоғам

Талдықорғандағы кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі тексерілді

Өңірлік коммуникациялар қызметі Жетісу облысының Еңбек инспекциясы бойынша басқармасымен бірігіп облыс пен қаланың өндірістік кәсіпорындарының қызметін жариялау мақсатында баспасөз-турын өткізді. Негізгі мақсат кәсіпорындардағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігі пен
Жетісу облысы

Жетісу облысында 102 жастағы кейуана дауыс берді

12 құрсақ көтерген әже қарттығына қарамастан еліміздегі әр саяси оқиғада белсенділік танытады. Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова еліміз үшін аса маңызды күнде қаладағы дауыс беру учаскесіне өзі келіп,
Қоғам

Жетісу облысында алдағы жылы мәдениет күні кең ауқымды телевизиялық жоба ретінде өткізілмек

Бүгінгі күні Жетісу облысының мәдениет және архив мекемелерінің желісі 309 нысан. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында мәдени ошақ қызметкерлерінің 10 айда атқарған жұмыстары жайлы Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама