Қоғам

Алматы облысыyнда үш ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы қалай іске асып жатыр

Алматы облысының үш ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы қалай жүзеге асып жатқаны «Өңірлік даму» жөніндегі қеңес отырысында талқыланды.

Жиынға кеңес төрағасы Лаззат Тұрлашов, облыстық партия төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев, аудан әкімдері мен кеңес мүшелері қатысты.

Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертастың айтуынша, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аймақта 2019 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, 142 мың тұрғыны бар 23 елді мекенде 36 жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 13,8 млрд теңге бөлінген.

Ал Еңбекшіқазақта аудан әкімінің міндетін атқарушы Ертай Нұрмаханұлы аталмыш бағдарлама шеңберінде өткен жылы ауданда 22 жоба іске асырылғанын айтты. Оның 18-і аяқталды, қалған 4 жоба биылғы жылға ауысқан.

Сонымен қатар, Іле ауданы әкімінің орынбасары Н.Мамбетжановтың сөзінше, 2023 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қараой, Түймебаев, Тілендиев және Екпенді ауылдарына электр беру желілері салуға 917,7 млн тг қаржы бөлінді. Аясында ұзындығы 75,2 шақырым электр желілерінің құрылысы жүргізіліп, 13 трансформаторлық құрылғы орнатылған. Сондай-ақ, Өтеген батыр ауылында 5 шақырым көше жарықшамдарын салуға 71,3 млн тг бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып жалпы саны 169 жарық шамдары орнатылыпты.

Айта кету керек, аталмыш жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту мақсатында қолға алынған.

Related Posts

Жетісу облысы

Бақша дақылдарын қалай таңдаймыз?

Жазда біздің мәзірімізде көкөністер мен жемістер көбірек болады және бұл жақсы нәрсе. Алайда, көкөністер мен жемістер кейде жасырын қауіп төндіруі мүмкін. Осы орайда нитраттардың көкөністер мен жемістерде жинақталу мәселесі өзекті.
Қоғам

Жетісу облысында ұрпақтар сабақтастығы жайлы жоба іске асты

Өңірімізде «Әжелер ертегісі» онлайн-клубы жұмыс істейді. Үйден шыға алмайтын ерекше балаларға арнап ватсап желісі арқылы аптасына кемінде екі рет 10 адамға арналған аудио ертегі тыңдатылады. Аталған шара «Азаматтық бастамаларды қолдау
Қоғам

Жетісу облысының мемлекеттік архив филиалдары құжат сақтайтын ғимаратты қажет етеді

Жетісу облысының мемлекеттік архивінің құрамына 10 филиал кіреді. Яғни: Ақсу, Сарқан, Алакөл, Қаратал, Кербұлақ, Текелі, Көксу, Ескелді, Панфилов  және жеке құрам бойынша Талдықорған бөлімі. Аталған ғимарат мамандары жұмысын тыңғылықты атқарып
Жетісу облысы

Талдықорғандық қариялар ақ батасын берді

Талдықорғанда дауыс берушілердің белсенділігі өте жақсы. Қариялар келіп,өз баталарын беруде. Солардың қатарында ардагер Балкыбаев Серікбек атамыз да бар. Ол Талдықорған қаласындағы №435 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, ондағы қызмет етіп