Жетісу облысыҚоғам

Бақша дақылдарын қалай таңдаймыз?

Жазда біздің мәзірімізде көкөністер мен жемістер көбірек болады және бұл жақсы нәрсе. Алайда, көкөністер мен жемістер кейде жасырын қауіп төндіруі мүмкін. Осы орайда нитраттардың көкөністер мен жемістерде жинақталу мәселесі өзекті.

Нитраттар-бұл барлық тірі организмдер мен өнімдерде болатын азот қышқылының тұздары мен эфирлері, өйткені азот олардың белсенді өсуі мен дамуы үшін маңызды компонент болып табылады. Рұқсат етілген концентрацияда нитраттар ағзаға зиянсыз. Егер ауылшаруашылық өнімдерін өсіру үшін нитраттардың қажетті мөлшерден артық дозалары қолданылса, онда нормадан жоғары нитраты бар өнімдерді тұтыну адам ағзасына зиян тигізуі мүмкін.

Нитраттардың көп мөлшері ерте піскен көкөністер мен жемістерде болатынын есте ұстаған жөн. Олардың пісетін кезеңі әлдеқайда қысқа болғандықтан, өсімдіктер тыңайтқыштардың барлығын бойынан шығарып үлгермейді.
Қазір біз сөрелерде бақша дақылдарын (қарбыз және қауын) сатылып жатқанын көріп отырмыз.

Нитраттар мен пестицидтерді қолданбай қарбыздың табиғи пісуі климаттық жағдайларға байланысты. Негізінен біздің облыста ол шілде айының соңы мен тамыз айының басына келеді. Сондықтан қарбызды тамыздың ортасынан қазан айына дейін тұтынуды ұсынамыз.

«Облыста өткен жылы және биыл нитраттармен улану фактілері тіркелген жоқ. Дегенмен, өнімді таңдағанда, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін көрсететін барлық жағдайларға назар аударыңыз. Бақша дақылдарын кездейсоқ адамдардан, стихиялық базарлардан, көлік аялдамаларынан, автомобиль жолдарының бойынан, үй аулаларынан сатып алуға болмайды.  Әдетте, мұндай сауда нүктелерінде өнімдер оның шығу тегі мен сапасын растайтын құжаттарсыз сатылады, қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша зертханалық ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізілмейді»,- дейді Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Самат Ахметов.

Маманның айтуынша, жол бойында сатылатын қарбыздар мен қауындар ауадан токсиндерді оңай сіңіреді және автомобильдердің пайдаланылған газдарында кездесетін ауыр металдардың көп мөлшерін жинайды. Сондай-ақ, сатып алу кезінде жемісті кесіп оның пісіп-жетілуіне және дәміне тексермеу керек. Қарбыздың сыртынан немесе пышақтан ішіне әртүрлі патогендік бактериялар енуі мүмкін. Оларды таңдағанда, оларға жарықтар, сызаттар, ойықтар, күдікті дақтар болмауы үшін назар аударыңыз. Сондай-ақ, қолданар алдында бақша дақылдарын ағынды сумен мұқият жуу керек, өйткені қарбыз немесе қауын кесілген кезде қарбыздың сырты микроорганизмдермен ластанған жағдайда ішіне еніп, көбеюі мүмкін. Егер қарбыз немесе қауын кесілген болса, онда оны бірнеше сағат ішінде, келесі күнге сақтауға қалдырмай қолданған дұрыс. Қарбыз бен қауынды сақтау шарттары мен олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар мамандандырылған сауда орындарында — дүкендерде, базарларда, демалыс күндері жәрмеңкелерде сатып алуды ұсынамыз.
Тұтынушы сатушыдан сатылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды (сәйкестік туралы декларация, нитраттар мен пестицидтердің құрамына зертханалық зерттеулердің нәтижелерін) сұратуға құқылы.
Біз жыл сайын облыс бойынша өсімдік шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде бақша дақылдарын өткізу орындарында тұрғындардың қауіпсіз өнімді таңдау дағдыларын қалыптастыру мақсатында және тиісінше жіті ішек инфекцияларының және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша акциялар өткіземіз.

«Биыл  мамыр және маусым айларында облыс бойынша «Абайлаңыз нитраттар!» тақырыбында акциялар өткізілді. Акцияға келушілерге сатып алынған өнімдегі нитраттардың қалдық мөлшеріне зертханалық экспресс-зерттеулер жүргізу ұсынылды. Экспресс әдісімен облыс бойынша акция өткізу кезінде 403 көкөніс пен жеміс сынамасы зерттелді, оның ішінде 15 сынама нитрат қалдығының мөлшерден асуын көрсетті (басқа елдерден 13 сынама және ҚР 2 сынама). Көкөністерде (пиязда), жемістерде және бақша дақылдарында (қара өрік, қарбыз, шие, шабдалы, алмұрт, банан, құлпынай) нитраттардың артық мөлшері анықталды. Нормадан жоғары сынамалардың көбі Талдықорған қаласында (14) анықталды. Мысалы, қарбыздағы нитрат мөлшері 80 мг/кг құрайды, ал зерттеу кезінде нәтиже нормадан 120 мг/кг жоғары болды. Оң нәтижелер бойынша халықтың денсаулығына зиян келтірмеу мақсатында облыс аумағына келіп түсетін өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауды күшейту қажеттігі туралы мүдделі органдарға хаттар жолданды», — деп атап өтті маман.

Сондай-ақ, бақша дақылдарын жаппай сату кезеңінде ағымдағы 2024 жылдың шілде айының соңы мен тамыз айының басында осындай акцияларды қайта өткізу жоспарланып отыр.

 

Related Posts

Жетісу облысы

Жаркенттік Жақыбаевтар әулеті дауыс берді

Мәуелі бәйтеректей жайқалған Жақыбаевтар әулетінен 33 адам бір мезетте Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы № 326 дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл әулет жазиралы Жаркентте туып, өсіп-өніп, ұрпағын өрбітіп
Қоғам

Алматы облысыyнда үш ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы қалай іске асып жатыр

Алматы облысының үш ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы қалай жүзеге асып жатқаны «Өңірлік даму» жөніндегі қеңес отырысында талқыланды. Жиынға кеңес төрағасы Лаззат Тұрлашов, облыстық партия төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев,
Қоғам

Жетісу облысының спортшылары бір жылда 1760 медаль жеңіп алды

Жетісу облысының елді-мекендеріндегі 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені бұқаралық спортты дамытуға ықпал етуде. 2023 жылға облыстық бюджеттен осындай тағы 14 жаңа спорт нысанын салуға 8,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы Өңірлік
Қоғам

Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундаудың жүргізілуі тұрғындардың денсаулығы үшін маңызды

Әлем бойынша, оның ішінде біздің облыста қызылша инфекциясынан эпидемиологиялық қолайсыздық байқалуда. Сырқаттанушылықтың басым  көпшілігі қызылшаға қарсы егілмей қалған 5 жасқа дейінгі балалар арасында орын алуда, расталған 367 жағдайдың ішінде 57,2%