Жаңалық

Алматы облысында МӘМС арқылы 400-ге жуық ота жасалды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мүмкіндігі зор. Бұл жүйе аясында Алматы облысы орталығындағы көпсалалы ауруханада жыл басынан бері 400 ге жуық ота жасалған. Жуырда иық артериясы диагнозымен Қонаев тұрғынына операция жасалыпты. Мамандардың айтуынша, бұл күрделі әрі өте қымбат ем. Асан Досымбеков осыдан бір апта бұрын ауруханаға түскен. Иық артериясы диагнозы қойылып, шұғыл түрде қолына ота жасалыпты.

«2020 жылдан бері қолым мазалап жүрді. Саусақтарым ауырды, бірақ мән бермедім. Нәтижесінде, ауруымды асқындырып алдым. Көпшілікке денсаулыққа бей-жәй қарамаңыздар дер едім. Дәрігерлердің көмегімен аман қалдым. МӘМС қорына жарна төлеймін. Соның нәтижесінде қымбаттық ота маған тегін жасалды», — дейді Қонаев қаласының тұрғыны Асан Досымбеков.

Отаны жасаған хирург дәрігер – Айдос Қизатов. 7 жылдан астам еңбек өтілі бар. Айтуынша, кемінде күн сайын 2-3 операцияға қатысады. Көбіне МӘМС көмегімен тұрғындар қымбаттық медициналық қызметті тегін алып жатыр.

«Мұндай аурулардың туындауына әртүрлі себептер бар. Сондықтан ауру белгілері байқалғанда дер кезінде медициналық мекемеге қаралған жөн. Осы аптада хирургия бөлімінде тағы бір күрделі операция жасалыпты. Науқастың өт, бауыр жолдары тастардан тазартылды», -дейді ақ халатты азамат.

Жалпы Қонаев қаласындағы көпсалалы ауруханада 10 нан астам хирург-дәрігер қызмет етеді. Қатарында жас мамандар да бар. Дәрігерлер үшін бар жағдай жасалған. Соның арқасында жылына 2-3 рет шетелдерге тәжірибе жинақтау үшін жіберіледі. Осыған дейін Біріккен Араб Әмірліктерін, Түркия, Ресей мемлекеттеріне барып, біліктіліктерін арттырған. Айта кетерлігі, жыл басынан МӘМС аясында Қонаевта 400-ге тарта ота жасалған.

Related Posts

Жаңалық

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті

Дәрігер - хирург Тұрарбеков Асқар Маратұлы және Сакенов Абылай Алтайұлы өт-тас ауруымен, дәлірек айтсақ, созылмалы калькулезді холециститпен емдеу мекемесіне жоспарлы түрде түскен науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия отасын сәтті жасап шықты. Операция
Жаңалық

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің халық үшін тиімділігі зор

-Талғар ауданы ірі мегаполис Алматы қаласына жақын орналасқан. Халық саны да күн санап артып келетіні жасырын емес. Мұндағы аудандық аурухана тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге қаншалықты дайын? Бұл туралы бүгін
Жаңалық

Алматы облысында жеміс-жидек пен көкөністі өңдейтін зауыт ашылды

Алматы облысында жеміс-жидек пен көкөністі қайта өңдейтін «Qazaq Global Food JV» зауыты іске қосылды. Мұндай кәсіпорынның елімізде өзге баламасы жоқ. Еңбекшіқазақ ауданының Тескенсу ауылында салынған жобаға 9,5 млрд теңге инвестиция
Жаңалық

Электромагниттік өрістің адам денсаулығына әсері

Қазіргі әлемде бәріміз тұрмыстық электронды құрылғылармен (теледидарлар, компьютерлер, микротолқынды пештер, ұялы байланыс аппараттары) қоршалғанбыз және осы құрылғылардан бөлінетін техногендік электромагниттік өрістердің теріс әсеріне ұшыраймыз. Жетісу облысының СЭБ Департаментінің бақылауында 850