Без рубрики

Қазақстандағы үздік пошташылардың бірі Алматы облысында тұрады

Бүгін – Дүниежүзілік пошта күні. Биыл «Қазпошта» мекемесінің құрылғанына 30 жыл толды.

Ел мен елді, қала мен ауылды байланыстыратын пошта қызметінің сапалы болуы аса маңызды. Бұл салада өз міндетін мінсіз атқарып жатқан қарапайым жандар аз емес. Соның бірі Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылының тұрғыны Ольга Ділдебаева. Мамандығын жақсы көретін ол газет-журналдар мен пошта телеграммаларын электромопедпен тасиды.

Ольга Ділдебаева 36 жыл бойы Жамбыл аудандық пошта торабында жұмыс істеп келеді. Ол он шақты пошташының жұмысын қадағалайды. Бөлім қызметкерлері әр хатты мөрлеп, мәліметтер базасына тіркеп, баратын мекенжайын нақтылайды. Егер хатта қандай да сәйкестік болмаса иесіне бармай қалуы мүмкін.

«Пошташы қызметінің өз ауыртпалықтары бар. Бұрын газет-журналдарға жазушылар көп болатын. Күніне бірнеше ауылды аралап шығушы едім. Кейде жүріс-тұрысы ауырлаған қариялардың зейнетақысын үйлерін апарып береміз. Әскердегі сарбаздар туыстарына хат жолдайды. Сондай хатты аналарының қолына табыстаған сәт ерекше қуанышқа толы болады. Жұмысымды сол үшін сүйемін», – дейді Қазақстанның үздік байланысшысы Ольга Ділдебаева.

Қазір интернет арқылы қалаған затыңа тапсырыс беріп, поштамен алдыртуға мүмкіндік көп. Кейде сондай сәлемдеменің салмағы ауыр болғанда тасымал құралы керек. Мерзімді баспасөзге жазылушыларға да басылым дер кезінде жетуі тиіс.

Ольга Ділдебаева электромопедті жұмысқа арнап бір ай бұрын арнайы сатып алған. Техника тілін тез меңгерді. Қазір Ұзынағаш көшелерімен зуылдап, апталық басылымдар мен хаттарды тасып жүр. Ауыл тұрғындары Ольганы «жақсы хабар жеткізуші» дейді.

«Қашан мына газет келеді екен деп газетті күтіп отырамыз. Газет деген айна ғой бұл. Бұл кісіні үнемі көреміз. Уақытында әкеледі газет -журналымызды, телеграммамызды да. Өзі қол қойдырып алады. Міне, алдыңыз деп айтады. Осындай уақытта келіңіз деп. Енді біз не айтамыз. Еңбегі әруақытта өтімді болсын. Халқына істеген еңбегі ақталсын», – дейді ауыл тұрғындары.

Қырық жылға жуық уақыт еңбегін адал атқарып келе жатқан Олга Ділдебаева ауылдың әр көшесі мен бұлтарысын жатқа біледі. Өйткені ауылды көп жыл жаяу аралаған. Ал қазір шағын көлігімен күн сайын он шақырымдай жер жүріп, жұмысын атқарып тастайды.

«Денсаулық әрине бұрынғыдай емес қой. Балтырым сыздайды, кішкене жер жүрсек шаршап қалатын болдық. Хаттар мен газеттерді тасыған өзіме ұнайды. Сондықтан осы шағын көлікті сатып алдым. Жаяу жүргенде бұралқы иттер маза бермейтін. Қазір олардан қорықпаймын», – дейді Ольга.

Аудандық байланыс торабының іші күнде қарбалас. Зейнетақы, жәрдемақы алу, қалаларға сәлемдемелер жіберу, газет-журналға жазылу, төлемдер төлеу бәрі осы мекемеде жүзеге асады. Ақпараттық технология дамыған заманда да пошташы қызметі өз маңыздылығын ешқашан жоғалтпақ емес.

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Алматы облысында кәсіпкер шылаушын өсіріп отыр

Ақдала ауылында тұратын Мархабат Қуандықов калифорниялық қызыл құртты көбейтіп, топырақтың құнарын арттыратын биогумос өндіріп жатыр. Соның арқасында биыл бау-бақшасы да берекелі болды. Мархабат Қуандықовты шылаушын өсіруге достары шақырған. Былтыр Алматыдағы
Без рубрики

Қонаевтағы саяжайлардың орнына көпқабатты ғимараттар салынады

Қонаевта 9 саяжай алқабы бар. Онда 6 мыңға жуық тұрғын тұрады. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының халқымен жүздесу кезінде шаһардың Бас жоспары бекітілгенін атап өтіп, оның аясында қандай
Без рубрики

МӘМС: Дәрігерлер 70 жастағы қарияның коронарлық артериясын қалпына келтірді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының кардиологтары мен кардиохирургтары 70 жастағы науқасқа коронарлық артериясына шунттау жүргізді. Егде жастағы азамат кеуде тұсындағы ауырсыну және қатты ентігу шағымдармен жүгінген. Жалпы, коронарлық артерияны шунттау немесе
Без рубрики

Алматы облысында өрт сөндіру шаралары бойынша оқу-жаттығу өтті

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Түрген филиалының аумағында орман қорының өрт қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге қатысты мемлекеттік органдардың орман қоры аумағында өрттерді анықтау және сөндіру жөніндегі іс-қимыл алгоритмін жетілдіру үшін Алматы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *