Без рубрики

Қонаевтағы саяжайлардың орнына көпқабатты ғимараттар салынады

Қонаевта 9 саяжай алқабы бар. Онда 6 мыңға жуық тұрғын тұрады.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының халқымен жүздесу кезінде шаһардың Бас жоспары бекітілгенін атап өтіп, оның аясында қандай жұмыстар атқарылатыны туралы ақпаратпен бөлісті.

«Облыстың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Сондай-ақ 2 қыркүйекте Қонаевтың Бас жоспары бекітілді. Жоспарға сай, жаңа шаһардың аумағы 19 мың гектарды қамтиды. Халық саны 2050 жылға қарай 200 мыңға жетеді», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Өңір басшысының сөзінше, негізгі әкімшілік ғимараттар Қонаев қаласының қазіргі аумағында салынады. Жақында жаңа әкімшілік-тұрғын үй орталығын салуды көздейтін қаланы дамытудың Кешенді жоспары қабылданады.

Ал 2-ші кезеңде «Жаңа Іле» алаңы игеріледі. Онда әлеуметтік-тұрмыстық, мәдениет, білім беру ғимараттары, тұрғын-үй кешендері және рекреациялық мақсаттағы нысандар салынады.

Бүгінде шаһар маңындағы саяжайлардың да болашағы белгілі болған. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Бас жоспарға сәйкес, 6 мың адам тұратын 9 саяжай алқабы қала шекарасына енгізілді. Олардың орнына көпқабатты ғимараттар салынады.

Аталғандардан басқа, аймақ басшысы облыста құрылыс нысандарын салуға талап күшейтілгенін атап өтті. Мысалы, Қонаевта салынып жатқан 10 көпқабатты үйдің жетеуінің жобасы толықтыруға жіберілген. Оларға қасбетіне, абаттандыруға, автотұраққа байланысты ескертулер берілген.

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Қонаев әскерилері Республика күніне арналған әннің тұсауын кесті

Қонаевтағы 32363 әскери бөлімінің қызметкері Досжан Ақатай Республика күніне арнап «Жаса қазағым» патриоттық әнін жазған, деп хабарлайды Қонаев қаласының әкімдігі. Шаһарда өткен салтанатты шарада әннің тұсауы кесілді. Досжан Ақатайдың бірнеше
Без рубрики

МӘМС: Биыл Қонаев қаласында 25 мыңға тарта тегін медициналық көмек көрсетілді

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МӘМС аясында 5000-ға тарта адам ем алған. Оның 2035-і жоспарлы түрде медициналық көмекке қол жеткізді. Мекемеде күндізгі стационарда 2 мыңнан астам тұрғын ем-дом қабылдады. Жалпы, жыл
Без рубрики

Мереке күндері тамақтан уланып қалмау үшін не істеу керек?

Мереке күндері тамақтан уланудың саны артатыны жасырын емес. Жіті ішек инфекцияларының негізгі себептері – тамақ дайындау технологиясының бұзылуы немесе мерзімі өткен тағамдарды жеу. Тамақтан улану кез-келген уақытта орын алуы мүмкін.
Без рубрики

2024 жылы МӘМС үшін қанша төлейміз?

МӘМС жарналары мен аударымдары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады. Бірақ базалық есептік көрсеткіштің – ең төменгі жалақының (ЕТЖ) – жаңа мөлшерлерінің бекітілуіне байланысты төлем сомалары өзгереді. Сонымен, келесі жылы МӘМС-ке қанша
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *