ҚоғамМедицина

Жетісу  облысында  62  медициналық ұйымда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы анықталды

2023 жылдың 9 айында Жетісу облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 62 медициналық ұйымға тексеру жүргізді. Оның 31-і кесте бойынша берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне, 31-і ҚР Бас прокуратураның талабы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Осындай ақпаратпен облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев бөлісті.

«Тексерілген 62 стационар бойынша барлығында бұзушылықтар анықталды және әкімшілік шаралар қолданылды. Тексеру қорытындысында облыстың медицина ұйымдарында жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалмауы, инфекциялық  бақылау жұмысының жеткіліксіздігі анықталды. Сонымен бірге, желдету жүйесінің жарамдылығы, ыстық сумен қамтамасыз етілу, жөндеу жұмыстарының қажеттілігі мәселелері бойынша да бұзушылықтар орын алды. Дезинфекциялық-стерилдеу режимдерінің сақталмауы тексеру кезінде жүргізілген зертханалық зерттеулер қорытындысымен расталды», — деді департамент басшысы.

Анықталған бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға жалпы сомасы 46 млн. теңгеге жуық мөлшерде 84 айыппұл салынды. Бұзушылық анықталған барлық субьектілерге бұзушылықтарды жою туралы 28 санитариялық ұйғарым беріліп, 1 материал сотқа жіберілді, жұмыстан шеттетілгендер жоқ.

«Жүргізілген жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 62 нысан күрделі жөндеуді қажет ететін 15 денсаулық сақтау обьектісі анықталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес 2023-2025ж.ж.  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде  59  денсаулық сақтау нысанын  салу жоспарланған. Бүгінгі күні 22 нысан салынып қолданысқа берілсе, қалғандарының құрылысы жалғасуда», — деп қорытындылады Асхат Сәкенұлы.

 

Shares:

Related Posts

Қоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде 282 пәтер Талдықорған қаласының әкімдігіне қайтарылды

2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өз қызметін негізгі салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, халықтың мүдделерін қорғауға және бюджетке келтірілген залалдың алдын алуға бағыттайды. Өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
Қоғам

Жетісудағы «Азаматтарға арналған үкімет» миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті

2018 жылдың мамыр айында халыққа қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік, жер кадастры ғылыми-өндірістік және зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтары біріктіріліп, ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта
Қоғам

Жетісу өңірінде заңдастырылмаған 1 мыңнан астам көлік анықталды

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, Ішкі істер министрлігі басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, биылғы жылдың 23-ші қаңтарынан бастап, 2023 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жүргізуде.
Қоғам

Алматы облысында алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – «Алғыс айту» күні.  Бұл, аумалы-төкпелі заманда қазақ жерінен пана тапқан ұлттардың дархан халыққа білдірер ізгі ниеті мен ілтипатының  негізі болған күн. Аталмыш мереке елімізде қатарынан
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *