Без рубрики

МӘМС аясында Талғар ауданының тұрғынына тіліксіз ота жасалды

66 жастағы науқас Талғар аудандық ауруханасына жүгінген кезде, екі апталық интоксикация, тахикардия болып, дене температурасы 42°С-қа дейін көтерілген. Бір апта бұрын жеке клиникаға барған, бірақ ол жерде тиісті ем қабылдамаған. Содан кейін жалпы жағдайының нашарлауына байланысты орталық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Мультидисциплинарлық тексеруден кейін хирургиялық бөлімге шұғыл түрде жатқызылды.

Шағымдар, анамнез, объективті клиникалық-зертханалық деректер негізінде науқасқа «бауырдың оң жақ бөлігінің абсцесі» диагнозы қойылып, операция алдындағы дайындығы басталды.

«Науқастың жағдайын ескере отырып, Талғар хирургтары УЗД көмегімен бауырдың оң жақ бөлігінің абсцесіне дренаж жасау үшін аз инвазивті процедураны жүргізу туралы шешім қабылдады. Наркоз салынып, УЗД бақылауымен абсцесс қуысына өткізгіш арқылы Pigtail 10fr типі бойынша дренаж орнатылды. Дренажды орнатқаннан кейін өткір иісі бар 200 мл ірің алынды. Операция қан жоғалтусыз және асқынусыз өтті. Бірнеше күннен кейін бауырдың ультрадыбыстық зерттеуінде абсцесс қуысы тазаланғаны анықталды және дренаж алынып тасталды. Одан кейін үйіне жіберілді», — деді хирург Қуандық Тастанқұлов.

Операциядан кейінгі кезеңде науқас хирургиялық бөлімде антибиотикалық және инфузиялық терапиядан өтті. Айта кетерлігі, бүгінде аз инвазивті хирургия, яғни науқастың денесі кесілмей жасалатын ота туралы жиі айтылып жүр. Мұндай операциялар қан тамырлары немесе өзге де әдістер арқылы жасалады. Пациенттің денсаулығына кері әсерін тигізбейді және операциядан кейінгі асқынулар қаупінің төмен болуымен сипатталады.

 

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Алматы облысында 30 адамға грант беріледі

Алматы облысында "Zhas Project" жобасы аясында 30-ға жуық жасқа қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр. Өңір жастарының өз кәсібін ашып, оны ілгерілетуі үшін арнайы жоба іске қосылады. Жеңімпаздарға 1 млн теңге
Без рубрики

Енді жеке клиникаларға талап күшейтілмек

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздегі емханалардағы ұзын-сонар кезекке қатысты түсінік берді. «Біріншіден, цифрландыру дамып келеді. Әрине, біз мұны бір жылда іске асыра алмаймыз. Бұл бағытта ауқымды жұмыс бар. Қазақстандағы
Без рубрики

Шеңгелдіде мал жаятын жер жоқ – ауыл тұрғындары

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Қонаев қаласындағы кездесуінде тұрғындар Шеңгелдіде жайылым жердің тапшылығына шағымданды. Айтуларынша, бұл мәселе көптен бері өз шешімін таппай келеді. Ал ауылдың жан-жағы түгел суармалы алқаптар, ауыл
Без рубрики

Қонаевтағы саяжайлардың орнына көпқабатты ғимараттар салынады

Қонаевта 9 саяжай алқабы бар. Онда 6 мыңға жуық тұрғын тұрады. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының халқымен жүздесу кезінде шаһардың Бас жоспары бекітілгенін атап өтіп, оның аясында қандай
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *