ҚоғамҚұқық

1 желтоқсаннан бастап көлік иелеріне айыппұл салынады

Темір тұлпар тағасын қысқа дайындамаған жүргізушілер 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Бұл көрсеткіш биылғы жылдың соңына дейін сақталып, 2024 жылдың алғашқы күнінде салық саны артады. Осы жайында Жетісу облысы ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Диас Айнақұлов баяндады.
Спикердің айтуынша, желтоқсан айында жазғы дөңгелекпен жүрген көлік иелері 17 250 теңге айыппұл төлесе, қаражат саны жаңа жылдан бастап 18 460 теңгеге ұлғаймақ.
«Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын кешенді зерттеу аясында полиция департаменті әкімдікпен бірлесіп, жол және коммуналдық шаруашылық ұйымдарының қысқы кезеңде көлік жолдарын күтіп ұстау дайындығына комиссиялық тексеру жүргізілуде. Тексеру кезінде арнайы жол техникасының жай-күйіне және инертті (тайғаққа қарсы) материалдың болуына баса назар аударылады», — деді спикер.
Өткен қыс мезгіліндегі деректерге сүйенсек, облыста жазғы дөңгелекпен жүру бойынша 500-ден астам құқық бұзушылық тіркелген. Оның 30-ы жол-көлік оқиғасына әкеп соқты.
«Қазіргі уақытта қысқы жолдарды күтіп ұстауға 436 техника, 17669 тонна құм және 1505 тонна тұз бөлінген. Облыстық полиция департаменті қыс мезгілінің басталуына байланысты жолдарда аса сақ болуға әрі белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауға шақырады. Жол мен метрологиялық жағдайларды ескере отырып, қауіпсіз арақашықтық пен жанама аралықты сақтауды ұсынады. Алыс сапарға шықпас бұрын көлігіңіздің техникалық жағдайына және жазғы дөңгелектердің қысқыға ауысуына баса назар аударуыңыз қажет», — деп түйіндеді сөзін Диас Айнақұлов.

Shares:

Related Posts

Қоғам

Алматы облысында 5 мыңдай аманат етілген әлемдік мұра жойылып кету қаупінде тұр

Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы облыстық Партиялық бақылау комиссиясының отырысында талқыланды. Жиынға тарихшылар, экологтар, қоғам белсенділері және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. «Охотники за петроглифами» ҚБ директоры Ольга Гумированың айтуынша, Аққайнардағы
Қоғам

Алматы облысының өнерпаздары еліміздің ірі қалаларын аралады

Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Алатау әуендері» ұйымы Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларында концерт қойды. Әртістердің өнерін 3 шаһардың 2 мыңға жуық тұрғыны тамашалады. «Ән бесігі –
Қоғам

Алматы облысында 23 заңсыз құрылыстың ісі сотқа жолданды

Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жүргізген кешенді тексерістер нәтижесінде құрылыс нормалары мен ережелерінің жүздеген бұзушылық фактілері анықталды.
Жетісу облысы

Неліктен бізге кассалық машиналар керек?

ҚР Салық кодексінің 166-бабында қолма-қол ақшамен есеп айыры-суды және сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төлем карточкаларымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасын пайдалану міндетті болып табылады деп көрсетілген.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *