ҚоғамЭкономика

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі басталады

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі негізінде еліміздегі жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңнен тұрады.
Нақтырақ:
1 кезең – 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастау алды. Оларға — жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын және оған уәкілеттік берілген адамдар мен жұбайлары жатады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар 1 кезең тобына кіреді. Жетісу өңірінде бұл кезең бойынша 32 422 адам декларациядан өткен.
2 кезең – 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталды. Білім, денсаулық, мәдениет, спорт салаларының мамандары сынды мемлекеттік мекеме қызметкерлері осы кезеңге жатады. Бұл санатқа өңірде 78 327 жеке тұлға тіркелген
Ал 3 кезең – 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Алдағы декларацияға заңды тұлғалардың басшылары мен дара кәсіпкерлер жұбайымен тіркелмек. Облыс бойынша 68 000 Декларант күтілуде.
Тұрғындардың қалған санатының кезегі — 2025 жылғы қаңтардың 4 кезеңінде келмек.
Осы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Абильмажинов Асхат Айтмолдаұлы баяндады.

«Декларация барысында шетелде және Қазақстанда орналасқан активтеріңізді барынша нақты түрде жариялауыңыз керек. Нақты ақпаратты толтыру үшін қажетті сайттарға өтіп елдегі активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын тексеруді ұсынамыз. Егерде ақпараттың дұрыстығымен келіспесеңіз, уәкілетті органға тікелей хабарласыңыз. «, — дейді спикер.
Міндеттемелеріңізді төмендегі сайттар арқылы тексерте аласыздар:
1) бағалы қағаздар бойынша: https://portal.kacd.kz;
2) жылжымайтын мүлік құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша: https://homeportal.kz;
3) зияткерлік меншік объектілері бойынша, авторлық құқық бойынша: https://gosreestr.kazpatent.kz; https://newcab.kazpatent.kz;
4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша: https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu;
5) қарыз шарттары бойынша Республикалық нотариаттық палатаға rnp_rnp@mail.ru электрондық пошта мекенжайына сұрау салу қажет.

Жоғарыда көрсетілген сілтеме арқылы ақпараттар нақтыланғаннан кейін, бұл деректер декларацияда көрсетілуі қажет.

«Аталған есеп екі түрлі әдіспен іске асады. Мемлекеттік кірістер органдарына қолма-қол немесе тапсырыс беріп қағаз тасығыш арқылы декларант қатарына кіресіз. Ал электронды түрде: «e-Salyk Azamat, eGov mobile, Halyk» мобильді қосымшалары мен «eGOV» веб-порталы және «cabinet.salyk.kz» сайтындағы салық төлеуші кабинеті арқылы тіркеле аласыз», — деп түйіндеді Асхат Айтмолдаұлы.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісуда көкжөтел инфекциясы тіркелді

Облыста алғашқы нақтамамен көкжөтел инфекциясының 5 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 1 жағдай клиникалық жолмен расталды. Расталған жағдай 1 жасқа дейінгі ұйымдастырылмаған топқа жатады. Яғни, бала аталған дертке қарсы вакцинасын алмаған.
Жетісу облысы

Қазақстанда МИКС зерттеуі төртінші рет өткізілмек

2 қыркүйектен бастап ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық мульти-индикаторлық  кластерлік  зерттеу  басталады. Ол  еліміз бойынша 24 мың үй шаруашылығын қамтиды. Бұл зерттеу осымен төртінші рет жүргізіліп отыр. Бұған дейін 2006, 2010 және
Қоғам

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

СКАЧАТЬ ПРАЙС-ЛИСТ  ИП «ALATAU MEDIA» − собственник информационного агентства «Alatau24.kz» информирует кандидатов, участвующих о предоставлении интернет площадей для размещения предвыборных агитационных материалов кандидатов в акимы сельских округов для участия в
Жетісу облысы

Алатау бөктерінде Сиверс алма ағашы гүлдей бастады

Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық саябағының аумағы жабайы жеміс-жидек өсімдік түрлеріне бай аймақ. Мұндағы жабайы Сиверс алмасы өте бағалы әлемдік мәні зор бірден-бір генетикалық қор болып саналады. Сонау ерте замандағы бор
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *