Без рубрики

Жетісу облысындағы бруцеллездің эпидемиологиялық ахуалы

Жетісу облысында бруцеллездің эпидемиологиялық ахуалы күрделі боп тұр. Өткен жылмен салыстырғанда  сырқаттанушылық 43,7%, яғни 81-ден 116 жағдайға дейін өскен. Науқастардың 14 – бала, 13 – жасөспірім.

«Эпидемиологиялық қолайсыздықты Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, аудандары мен Текелі қаласы қамтып отыр. Сырқаттанушылық көрсеткіштері облыстық (17,2) көрсеткіштен 1,6 – 3,2 есе жоғары», — дейді Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Аймақта топтап ауру жағдайлары тіркелмеген. Бір ошақтан 2-4 адамнан науқастанып отыр. Тұрғындар бруцеллезді негізінен жеке сектордағы малдардан жұқтырған.

Жалпы, бруцеллез ауруын жұқтыру оңай. Ал, одан сауығу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Уақытында ем қабылдамаған жағдайда белсіздікке, мүгедектікке әкелуі мүмкін.

«Инфекцияның негізгі көзі жеке сектордағы ауылшаруашылық жануарлары. Бұл жұқпамен негізінен: қой, ешкі, сиыр, түйе, сонымен қатар шошқа, иттер ауырады. Адам бруцеллезбен алиментарлы жолмен – ауру малдың сүті мен сүт өнімдерін пайдаланғанда, жеткіліксіз термиялық өндеуден өткен немесе шикі ет өнімдерін тағамға пайдаланғанда жұқтырады. Сондай-ақ ауру малды күткенде жеке бас гигиенасы ережелерін сақтамаудан: ауру малдың бөліністерімен залалданған құралдарды, малдың жүнін қырқу, малды сою, терісін сыпыру кезінде, жиі мал төлдету науқаны кезінде малдың шуы, туған қозыны ауыздандырып емізу кезінде жұғады», дейді ол.

Бруцеллез жұқпасының алдын алу үшін жануарлар күтіміне байланысты барлық жұмыстарды, әсіресе төлдеу науқанында арнайы қорғаныш киім киюмен жүргізу, жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау керек. Жеке шаруа қожалықтар малдарды жайлауға шығарар алдында міндетті түрде бруцеллезге тексерту керек. Сонымен қатар соғым уақытында жоғарыда айтылған алдын-алу шараларын ұстанған абзал.

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Алматы облысында бірқатар азаматтар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі табысталды

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай, Алматы облысындағы бірқатар азаматтар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі және «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Жалпы 20-дан астам адам партиялық төсбелгілер мен арнайы грамотаға ие болды.
Без рубрики

Алматы облысында МӘМС аясында бөлінген «Аңсаған сәби» квотасы 100 пайыз игерілді

Денсаулық  сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, биыл өңірдегі 523  отбасыға осы бағдарлама игілігін көру мүмкіндігі берілген. Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023
Без рубрики

«Жетісу ділмарлары» пікірсайыс  жобасы жүзеге асуда

«Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі  қолдауымен биылғы жылдың қараша айына дейін «Жетісу ділмарлары» пікірсайыс  жобасы жүзеге асуда. Бұл жайлы аталған бірлестіктің  үйлестірушісі Дархан Асқанбаев пен жобаның қоғаммен байланыс жөніндегі маманы
Без рубрики

Екі жұп егізді Қонаев қаласының ерлі-зайыптылары Руслан және Алида тәрбиелеп отыр

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында Халықаралық балалар күніне орай, уақытынан дүниеге ерте келген сәбилерді салтанатты түрде құттықтады. Солардың қатарында Айша мен Әнел есімді егіздер бар. Апалы - сіңлілердің Әмина және Алина
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *