Қоғам

Алматы облысы: Аманаттықтар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеді

Өңір бойынша азық-түлік тауарларының, дәрі-дәрмек, жанар-жағармай бағаларын тұрақтандыру мақсатында партия жанынан мониторинг топтары жұмыс атқаруда.

«Жыл басынан бері мониторинг топтары 749 нысанға барды. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында біз кейбір сауда орталықтары мен үй маңындағы дүкендерді араладық. Ірі сауда нүктелерінде тауарлардың кейбір түрлеріне бағаның өсуі байқалады. Талдау көрсеткендей, пияз, қырыққабат, ұн, айран секілді өнімдердің мамыр айларында бағалары жоғарылғаны байқалды», – деді партияның Алматы облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Амангелді Сембаев.

Аманаттықтар атап өткендей, сауда нысандары әлеуметтік маңызы бар 20-ға жуық азық-түлік тізбесіндегі тауар бағасының өсуіне жол бермеуі тиіс. Олай болмаған жағдайда олар өңірлік бәсекелестікті қорғау және дамыту депараменті немесе тұтынушылар құқығын қорғау департаменті сияқты құзыретті мемлекеттік органдардан айыппұл арқалауы мүмкін.

Сонымен қатар, облыста 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясы Сайлауалды бағдарламасының уәделерін орындау барысын жүйелі бақылап отыру үшін 38 партиялық бақылау бекеттері бар. Бұл ең алдымен орындалмау қаупі бар әлеуметтік нысандарда ашылды. Баннер шағым немесе өтініш жіберуге болатын жауапты тұлғаның байланыс нөмірлері орнатылған.

«Партиялық бақылау бекетінің басты мақсаты – құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ жалақының уақытылы берілуіне мониторинг жұмыстарын жүргізу. 40-қа жуық бекетке комиссия мүшелері айына бір реттен барып жұмыс сапаларын тексереді», – деді Амангелді Сембаев.

Айта кету керек, биыл партиялық бақылау комиссиясы облыста көтерілген 12 резонанстық мәселеге назар аударып, оның шешілуіне атсалысты.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Майлы дақылдарды өндіру және қайта өңдеу

Биыл Жетісуда 65 мың тонна соя жинау жоспарлануда, деп хабарлады облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Шампиков Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында. Облыста бес кәсіпорын соя бұршақтарын қабылдаумен айналысады.
Қоғам

Жетісу облысында «Visit Zhetysu — 2023»  форумы өтті

Жетісу облысының туризмін насихаттаушысы Visit Zhetysu орталығы ұйымдастыруымен туризмді дамытып,  туризм саласында еңбек етіп жүрген ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Visit Zhetysu - 2023»  форумы өтті. Аталған шара БАҚ өкілдерімен
Жетісу облысы

Жетісуда қар басатын жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Жетісу облысында ұзындығы 197 шақырым болатын 12 қар басатын учаске бар. Оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдарда – 2, облыстық жолдарда – 10 учаске орналасқан. Жол желісінің бір бөлігі Архарлы
Жетісу облысы

Облыс әкімі 8 наурыз қарсаңында жергілікті мәслихаттардағы депутат әйелдермен кездесті

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қазақстан республикасы мәслихаттарының 30 жылдығы аясында және Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әр деңгейдегі мәслихаттардың әйел депутаттарымен кездесті. Оларды алдағы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *