Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында 555 әйел жатыр мойны обыры ауруымен есепте тұр

2023 жылы Жетісу облысында жатыр мойны обырының 62 жаңа жағдайы есепке алынды. Олардың 26-сы скрининг арқылы, қалғандары медициналық мекемелерге шағымдану арқылы анықталды. Осылайша, бүгінгі күнге дейін осы дертпен ауырғандардың саны 555-ке жеткен.
Жетісу облыстық көпсалалы клиника директорының орынбасары Гүлайым Оразбекова мен облыстық көпсалалы клиниканың амбула-ториялық-емхана қызметінің меңгерушісі Индира Қалиева аурудың жыл сайын жасарып келе жатқанына алаңдаулы. Спикерлердің айтуынша, өңірдің ең жас пациенті — 22 жаста. 30 жасқа дейінгі үш әйелде қатерлі ісіктің ең соңғы 4 кезеңі бар. Сондықтан Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мамандар жатыр мойны обырының алдын алу үшін уақтылы тексерілуге және скринингты назардан тыс қалдырмауға шақырады.
«Скринингтің арқасында ауруды ерте сатысында анықтауға, тиімді емдеу шараларын қабылдауға және ауруды тудырмауға болады. Сондықтан алдын алу үшін жоспарлы скринингтерден өту, сондай-ақ, жылына бір рет жыныстық қатынасқа түсетін әйелдерді тексеру өте маңызды. Алдын алудың екінші әдісі – вакцинация. Бұл әдіс мәжбүрлі емес. 13 жастан асқан барлық адамдар вакциналарды ақылы негізде ала алады. Жеке клиникалардағы баға 20-40 мың теңгеге аралығында болады. Екпенің абсолютті қарсы көрсеткіші жоқ, тіпті жүкті әйелдер де вакцинациялануы мүмкін. Жалғыз нәрсе-аллергиялық реакциялардың бар-жоғын тексеру», — деп бөлісті Индира Қалиева.
Айта кету керек, өткен жылы 26 903 әйелдің 26 291-і жоспарлы скринингтен өтті. Келушілер саны 98 пайызға жуықтады. Соның арқасында 26 әйелде жатыр мойны обыры ерте сатысында анықталды. Скрининг бағдарламасы бойынша 600 әйелде қатерлі ісікке дейінгі патологиялар табылды. Бұл кезеңде барлық әйелдер емделеді, және толық қалпына келгенге дейін 1 жыл бойы мамандардың бақылауында болады.
«22-24 қаңтар аралығында республика бойынша жатыр мойны обыры ауруы туралы халықты хабардар ету апталығы өтуде. Акция аясында облыстық көпсалалы клиникада аудан мамандарының қатысуымен конференция және дәрістер, тренингтер өткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, 27 қаңтарда барлық тексеруден өткісі келетін жандар үшін сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Ашық есік күні өтеді. Қабылдауды клиниканың онкогинеколог, маммолог мамандары жүргізеді. УДЗ кабинеттері жұмыс істейтін болады», — дейді Гүлайым Оразбекова.
Ақпарат үшін, 2023 жылдың соңында Жетісу облысында қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік есепте 6700-ден астам пациент тұр.

Shares:

Related Posts

News

Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

1-ші қыркүйектен бастап күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Ол жыл соңына дейін жалғасады. Жетісу облысында 1000-ға жуық азаматты әскерге шақырту жоспарлануда. Олар ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Шекара қызметінде, ІІМ, ТЖМ және
Жетісу облысы

Биыл  Жетісу облысында  94  медициналық  нысан  іске  қосылады

Денсаулық  сақтау  саласын  дамыту  мақсатында  осы  жылдың  бірінші  жартыжылдығында  облыстағы  бірқатар медицина мекемелері жаңа құрал-жабдықпен толықты. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді. Сала маманы есепті кезеңде Жетісу облысында 94 
Жетісу облысы

Жетісу облысының азаматтары былтыр 19 млрд. теңге әлеуметтік төлем алды

2005 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры атынан жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша деңгейін қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. Жүйенің қалыптасу жылдарында Жетісу облысы бойынша
Қоғам

Алматы облысында тұрғын үйдің пеші жарылып 82 адам жылусыз қалған

9 желтоқсанда күндізгі сағат 12:41-де Кеген ауылындағы көпқабатты 32 пәтерлік тұрғын үйдің от жағу ғимаратының ішінде орналасқан "BURAN boiler" пеші жарылып, тұрғын үйдегі жалпы 82 адам (41 жасөспірім, 41 ересек)
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *