Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысының тұрғындары 230 миллион теңге салым саламын деп сан соғып қалды

Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүріп оңай ақша табатын алаяқтардың аңғал азаматтарды қалай құрыққа түсіретінін баяндады. Атап айтсақ, департамент тек контрафактілік өнім бойынша 4 қылмыстық іс қозғады. Ербол Құрманбаевтың айтуынша, кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз және міндетті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін барлығы тергеу барысында 48,5 мыңға жуық қорап темекі, құрамында спирт сұйықтығы бар 34 канистр, 6 мыңнан астам бөтелке мөлшерінде алкоголь өнімі жойылды.
Департамент акцизделетін өнімнің көлеңкелі айналымына қарсы күрес шеңберінде алкоголь өнімін өндіру бойынша жерасты цехтарының қызметі сәтті тоқтатылды. Бұл цехтар Алматы облысының маңында орналасқан, ал жер асты өнімдерін жеткізу тек Жетісу облысының аумағында жүзеге асырылған.
Сондай-ақ, экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Жетісу облысында өткен жылы 230 миллион теңгеге жуық қаржы салған үш қаржылық пирамиданы анықтады.
«Агенттік төрағасының тапсырмасымен Жетісу облысы бойынша ғаламтор арқылы тұрақты негізде мониторинг жүргізілуде, онда барлығы заң аясында тексерілетін болады. Яғни, қаржы пирамидалары мен инвестициялық жобалар назарға алынады. Қаржылық шабуылдардың алдын алу мақсатында It-құралдарды пайдалана отырып, интернет-кеңістікте заңсыз мазмұнды іздеу жүзеге асырылады. Қаржы пирамидасының белгілері бар анықталған сайттар, аккаунттар «кибернадзор» жүйесі арқылы бұғаттау үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің уәкілетті органына жіберіледі.
Жыл басынан бері интернет ресурстарын тексеру бойынша телеграмм қосымшасында «Baiqa, piramida!» жобасы іске қосылды. Бұл азаматтарға сайттар мен әлеуметтік желілерді өз бетінше тексеруге мүмкіндік береді, қаржы пирамидаларының белгілері бар желілер және олардың заңсыз схемаларға тартылуына жол бермейді. Сондай-ақ, кез келген экономикалық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау үшін «AFM INSIDER» бот жеделхаты іске қосылды. Бүгінгі күні өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша 3 қаржы пирамидасының заңсыз қызметі анықталды. Атап айтсақ, «Qnet», «Amanat drive» және «Elous», — деді спикер.
Алдағы уақытта қаржылық қылмыстар бойынша ҚР заңдарының бұзылуын анықтау жұмыстары күшейтілмек.

Shares:

Related Posts

Қоғам

Жетісу облысында көгілдір отынмен халықты қамту көрсеткіші артып келеді

Талдықорған қаласы бойынша тағы 4 мың учаске табиғи газбен қамтылмаған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов айтуынша, облыс орталығының көпқабатты тұрғын үй секторына 822 көпқабатты үй
Жаңалықтар

БАҚ үшін әлеуметтік жоба: Жетісу журналистері үшін жаңа перспективалар

Жетісу облысында Бейсен Құранбек атындағы журналистер мектебін құру бойынша әлеуметтік жоба іске асырылды. Жоба журналистердің, баспасөз қызметі қызметкерлерінің және студенттердің кәсіби дағдыларын арттыруға, сондай-ақ БАҚ, азаматтық қоғам және мемлекеттік органдар
Жаңалықтар

Еңбегі еленген марапат

Жетісу облысының Қаратал өзенінде болған оқиға жаздың жайма шуақ күнінде тіркелген. Патрульдік полицияның рота инспекторы Санат Серікқалиұлы ағыны қатты өзенге түсіп, суға батып бара жатқан баланы құтқарып, ерлік көрсетті. Жаужүректілігінің
Жетісу облысы

Жетісу облысында санитарлық тексерулер басталады

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бақылау іс-шараларының кестелерін немесе тізімдерін жасайды. Объектілерді таңдау тәуекелді бағалау критерийлеріне негізделген автоматты түрде болады. Бұл бақылау субъектілерін таңдау кезінде адам факторын
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *