Саясат

Алматы облысында мәслихат депутаттары SMM курстарынан өтті

Мәслихат депутаттарының қызметін әлеуметтік желідегі маркетинг арқылы ілгерілету жұмыстары ширап келеді. Осы бағытта Алматы облысында арнайы семинар-тренинг өтті.

Депутаттар енді әлеуметтік желіде белсенді болады. Ғаламтор арқылы тұрғындардың шағымын тыңдап, кері байланыс жасайды. Осы арқылы халықты алаңдатқан мәселелерге жедел жауап береді. Қазір бұл міндетті толық орындау үшін Алматы облыстық мәслихат депутаттары арнайы білім алып жатыр.

Семинардың алғашқы күнінде контент жоспар құру, аудитория жинау, негативпен жұмыс істеу және жеке бренд қалыптастыру бойынша дәріс оқылды. Тәжірибелерімен бөлісті.

«Бұл семинар партия тарапынан ұйымдастырылып жатқан өте жақсы бастама. SMM арқылы жүзеге асырылатын жұмыстар азаматтармен кері байланысты жақсартудың тиімді тәсілі деп білемін. Депутат болғандықтан осы дүниелердің барлығы бізге қажет. Жұмысымызда қолданып, халыққа жақын, етене жақын жұмыс жасап, билік пен халықтың арасындағы алтын көпір болуға біз ат салысатын боламыз»,  – деді мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының жетекшісі Қуат Байғоджаев.

Оқытуға қатысушылардың айтуынша, ақпараттық кеңістікте сайлаушылардың мүддесін білдірудің тиімділігін арттыру жұмысы әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру ісіне оң әсер етуі мүмкін.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

«ТастөбеАгрофуд» ЖШС еңбек ұжымы өз таңдауын жасады

«ТастобеАгроФуд» ЖШС сүт өндіру бойынша Жетісу облысындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын басшысы Шыңғыс Ахметов өзі басшылық ететін еңбек ұжымымен референдум күні дауыс беру учаскесіне келіп, қызметкерлер өз таңдауын жасауына мүмкіндік
Жетісу облысы

Облыс әкімі 8 наурыз қарсаңында жергілікті мәслихаттардағы депутат әйелдермен кездесті

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қазақстан республикасы мәслихаттарының 30 жылдығы аясында және Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әр деңгейдегі мәслихаттардың әйел депутаттарымен кездесті. Оларды алдағы
Саясат

Алматыда «Балаларға кітап сыйла» акциясы өтті

Алматыда «Жанұя» жетім балаларға арналған мамандандырылған кешенінің тәрбиеленуші балаларына «Балаларға кітап сыйла» акциясы өткізілді. Ұйымдастырушы – «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры. Шараға белгілі меценат, «Аssyltas» қоғамдық қорының негізін қалаушы, қалалық
Жетісу облысы

Ұстаздар династиясы Исабековтер дауыс берді

Исабековтер - ұстаздар династиясы. Исабекова Бақытгүл Нұрсұлтанқызы Жаналық мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 18 жыл. Анасы – Исабекова Мариямхан Нұрақынқызы 40 жыл бастауыш сынып мұғалімі болған. Талай шәкірттерді тәрбиелеген
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *