News

Дәрігерге аяғын кесіп тастауды өтінген науқас аман қалды

Бүгінгі күні анаэробты инфекция емі хирургияда ерекше орын алады. Бұл диагноздың ерекше ауырлығымен, іріңді некрозбен асқынуымен, жұмсақ тіндердің үлкен аумақтарына таралуымен байланысты.
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының хирург-дәрігері Асхат Наймасов өте ауыр жағдайда клостродиальды емес инфекциямен, сол жақ жамбас флегмонасымен, сепсис және интоксикациямен емдеу мекемесіне түскен 39 жастағы науқастың өмірін аман алып қалды. Науқастың өмірі үшін күрес алғашында жансақтау бөлімінде реаниматолог дәрігерлермен бірге жүргізілді. Барлық ем-дом  ТМККК шеңберінде тегін жүргізілді.

Сондай-ақ, хирургия бөлімшесінде өзара көмек пен тәлімгерлік рухы маңызды болғандықтан, науқасты емдеуге директордың орынбасары Гаухар Нұғманова және бөлімше меңгерушісі, тәжірибелі хирург Ринат Әжібиевтің белсене атсалысқанын айта кеткен жөн. Емдеуші дәрігер Асхат Рашидұлының айтуынша, науқастың ауруы айқын жүйелі қабыну реакцияларының, сепсистің дамуын және соның салдарынан көптеген мүшелерінің жұмыс жасауының жеткіліксіздігін алдын ала анықтап, аурудың қорқынышты болжамын туғызған. Аяқ-қолдың жұмсақ тіндерінің анаэробты іріңді-қабынулық зақымдануы көбінесе ауыр деңгейдегі мүгедектікке әкеледі. Жараның анаэробты инфекциясының дамуындағы өлім-жітім көрсеткіштері өте жоғары — 80% дейін құрайды:

«Науқасқа қажетті ем жүргізгенімізді атап өткен жөн. Науқас стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдап үйінде бола берген екен. Ауру басталғаннан бастап 8-ші күні өзін-өзі емдеудің тиімсіздігіне және жалпы жағдайының нашарлауына байланысты біздің емдеу мекемемізгі жатқызылды. Науқас жағдайының ауырлығы кең көлемде анаэробты клостридиальды емес флегмонаның болуымен және жүйелі қабыну реакциясы көрсеткішінде айқын интоксикация құбылыстарының дамуымен анықталды. Емдеу жансақтау бөлімшесінде жүргізіліп, басымдылық дез кеңейтілген гемофильтрация әдісін, экстракорпоральды детоксикацияны қолдана отырып, жаппай антибактериалды және қарқынды инфузиялық және трансфузиялық терапия көрсеткішінде кезеңді некректомия және іріңді-некротикалық ошақтарды хирургиялық тазартумен белсенді хирургиялық тактика таңдалды. Біз таңдаған емдеу тактикасы жалпы іріңді-некроздық процестің дамуын, қабынуды біртіндеп тоқтатуға және кең жара беттерін тазартуға мүмкіндік берді», — дейді Асхат Рашидұлы.

Мені ауруханаға әкелгенде «Аяғымды кесіп таста!» — деп сұрадым. Жаным қиналғандығы соншалықты, мен ауруымнан құтылу жолы жоқ деп ойладым, бірақ көріп тұрғаныңыздай, мен қателескен екенмін. Бүгін мен тек аяғымды ғана емес, өмірімді де сақтап қалған дәрігерлерге ризамын және шексіз алғысымы білдіремін!», — дейді науқас.

Аурухана дәрігерлері мен мейірбике қызметкерлерінің табандылығы мен кәсіби емінің арқасында 43 күн бойы жалғасқан белсенді кешенді емдеу мен күтім науқастың сауығып, үйіне шығуына мүмкіндік берді. Осылайша, анаэробты клостридиальды емес инфекцияның ауыр түрлерімен ауыратын науқастарды емдеу белсенді хирургиялық тактиканы қолдана отырып, этиологиялық және патогенетикалық негізделген жеке тәсілді қажет етеді.

Бұл жағдайда патологиялық жара процесінің ауырлығы мен тұрақтылығын нашарлататын микробтық жиындыларды уақтылы анықтау және жүргізіліп жатқан бактерияға қарсы терапияны түзету үшін жараны тұрақты бактериологиялық бақылау қажет. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Айман Галимжанқызы Ракишеваның айтуынша, науқастардың бұл санатын емдеу процесінде емдік шараларды жүзеге асыруда дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері арасында тиімді өзара іс-қимыл мен өзара түсіністік қажет болды. Науқас қажетті ем-домды алып, құтқарылды.

 

Shares:

Related Posts

News

Қонаевтағы ескерткіштердің аумағы тазаланды

Елімізде «Киелі мекен» эконауқаны өтіп жатыр. Аталған акция мәдени мұралар мен ескерткіштердің аумағын тазалап, абаттандыруға арналған. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс орталықтарында да қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Абай Құнанбайұлы мен Қонаев
News

Қонаевта рұқсат етілмеген жерде сауда жасағандарды жазалап жатыр

Қонаев қаласының тұрғындары Абай көшесінің бойында саудамен айналысатындарға жиі шағымдануда. Олардың айтуынша, саудагерлердің тығыз орналасуынан аяқ алып жүруге мүмкін емес әрі жәшіктер мен арнайы контейнерлер үнемі қоқысқа толып, шіріген жеміс-жидектің
News

Алматы облысында тұңғыш ішекті симфониялық оркестр құрылды

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына 6 ұйым қарайды. Биыл бұл қатарға ішекті симфониялық оркестр қосылды. Әзірге ұжымда 17 өнерпаз бар. Олар скрипка, виолончель, альт, кантробаст пен баян аспатарында ойнайды. Алдағы
News

Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

Елордада Жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл марапат елімізде биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Жеті аталым бойынша өткен конкурсқа 700-ден аса азамат қатысуға ниет білдірген. Нәтижесінде
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *