Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында «Zhasproject» жобасы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары басталды

Жоба жас ұрпақты қолдауға және дамытуға, олардың кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыруға жағдай жасауға бағытталған. Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобалар қарастырылуда. Шағын грантқа қатысты ақпарттық-түсіндіру науқанын өткізу туралы «Jetisý jastary» КММ директорының орынбасары Еркебұлан Ақболатов пен «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Жанат Төлемісова БАҚ өкілдерімен кездесуде баяндады.
Грант алу конкурсына қатысуға өтінімдер 1-31 наурыз аралығында қабылданады. Ең жоғары сома 1 000 000 теңге. Қатысуға 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастар өтінім бере алады. Сонымен қатар, грант тіркелген жұмыссыз мәртебесі бар қатысушыларға беріледі.
Еркебұлан Ақболатовтың айтуынша, биылғы жылға 28 шағын грант қаржыландырылған. Бөлінген жалпы сома 28 миллион теңге. Оның 14-і Жетісу облысына берілсе, қалған 14-і Шығыс Қазақстан облысына беріледі. Атап өтейік, аталған жобаны ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы бірлесіп жүзеге асыруда.

«Қазіргі уақытта 19 ақпаннан бастап 24 наурызға дейін конкурстың әлеуетті қатысулары үшін ақпараттық-түсіндіру науқаны жүргізіледі. Сондай-ақ, барлық қатысушылар өмірлік маңызды дағдылар мен жұмысқа орналасу дағдыларына оқытылып, менторлардың қолдауына ие болады», — деп қорытындылады Жанат Төлемісова.

Shares:

Related Posts

News

«Мектепке жол» акциясы бойынша 16 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында  аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылады.
Жаңалықтар

Биапа театры 50 жылдық мерейтойын атап өтпек

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театы 50 жылдық мерейтойын тойламақ. Осы уақыт ішінде өнер ошағы Қазақстанның мәдени мұрасының маңызды бөлігіне айналып, ұлттық театрдың дамуына елеулі үлес қосты. Мерейтойлық уақыт оның
News

Талдықорғанда 986 мүгедектігі бар азамат дауыс беру құқығына ие

Талдықорғандағы дауыс беру учаскелерінде барлық тұрғынға, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтарға дауыс беру үшін тең жағдай жасалған. Көру және тірек-қимыл аппараты бұзылған дауыс берушілер үшін «Инватакси» қызмет көрсетіп, оларды дауыс
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *