News

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша, Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғат Ескендірұлы Байеділов Еңбекшіқазақ ауданының әкімі  лауазымына тағайындалды.

Талғат Ескендірұлы 1972 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында «Тоғызбұлақ» колхозында бастаған.

Әр жылдары «Қазақстан Темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының «Алматы» қаржы-экономикалық орталығының есепшісі, салық есебі және бақылау бөлімінің экономисі, «Казпочта» Акционерлік Қоғамының Іле аудандық пошта байланысы торабының бастығы, Райымбек ауданы Қарабұлақ селолық округінің әкімі, Райымбек ауданы әкімі аппаратының басшысы, Райымбек ауданы әкімінің  орынбасары, Кеген ауданының әкімі лауазымдарын атқарған.

2023 жылдың наурыз айынан Алматы облыстық маслихатының төрағасы болды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Shares:

Related Posts

News

Алматы облысында жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында төтеншеліктер мәлімдеді. Алматы облысы ТЖД басшысының орынбасары, полковник Данияр Қасымовтың айтуынша, қаңтардың 23-і күні түнгі сағат 00:09-де жер сілкінісінің алғашқы дүмпуі сезілген. Мамандардың
News

Алматы облысында тау курортын дамыту үшін меморандумға қол қойылды

Табиғаттың лағыл - маржаны тоғысқан өлке, Алматы облысының туристік әлеуеті жоғары. Аймақтағы сұлулықты көзбен көруге келетіндердің саны жыл санап артып келеді. «eQonaq» жүйесінің мәліметі бойынша билығы жылдың соңғы алты айында
News

МӘМС: Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекті қаржыландыру 6%-ға артты

МӘМС бойынша стоматологиялық көмекке 34 млрд теңге бағыттау жоспарлануда Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттары үшін шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекті қаржыландыру 6%-ға – 2023 жылғы 32,1 млрд-тан 2024 жылы 34
News

ҚЫЗАМЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Қызамық – лимфа түйіндерінің ісінуі және тері бөртпесімен сипатталатын жұқпалы вирустық инфекция. Балаларда ауру өте жеңіл өткеніне қарамастан, оған қарсы вакцинация міндетті тізімге енгізілген. Айта кетерлігі қызамық жүкті әйелдер үшін
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *