Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қалай тұрақтандырады?

«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру механизмдерін іске асыру барысында 2023-2024 жылдары қоғамға бағаны тұрақтандыру бойынша аталған механизмдерді іске асыруға 6 млрд теңге бөлінді. Оның  ішінде 8 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының көлеміне тауар интервенциялары жүргізілді. Бұл туралы Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз-мәслихатында «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы  төрағасының бірінші орынбасары Альмира Ибраимова, сондай-ақ, басқарма төрағасының орынбасарлары Нұрсұлтан Искенов пен Асылжан Шайхазимов айтып берді.

Бүгінгі күнге қоғам 8 әлеуметтік сауда орындарын ашты. Оның ішінде Талдықорған қаласында – 4 әлеуметтік дүкен және Үштөбе қаласында – 1 әлеуметтік дүкен, сондай-ақ, «Коммуналдық базарда», «Әлеуметтік базарда» және «Көкбазар» сауда үйінде сауда нүктелері бар», — деп бөлісті Альмира Ибраимова.

Сондай-ақ, 2023 жылдың сәуір айында облыстың ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына шағын несие беру бойынша «Ауыл Аманаты» бағдарламасы іске қосылды. 2024 жылға бұл бағдарламаға кемінде 440 микрокредит беру және 1 106 жаңа жұмыс орнын құру мақсатында 2 миллиард 816 миллион теңге бөлінді.

«Бұл бағдарлама ауылдық жерлерде жұмыспен қамтуды арттыруға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді шешуге бағытталған», — деп атап өтті спикерлер.

Олардың айтуынша, қарыз алушының қаржыландыруға өтінім беру сәтіне 21 жастан асқан болуы және ол кредит аяқталатын сәтке зейнеткерлік жаста болмауы тиіс, кредиттеуге жол берілетін кредиттік тарих, қарыз алушыда банктердің, кредиттеуге өтінім берген күнге салықтар бойынша мерзімі кешіктірілген берешек болмауы тиіс. Айта кету керек, ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен кепіл берушінің меншігіндегі жер учаскелері кепілге қабылданбайды.

 

Shares:

Related Posts

News

101 ЖАСТАҒЫ КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ

Алакөл ауданы Жайпақ ауылының тұрғыны 101 жастағы кейуана Мәрзия Абдрахманова да өз таңдауын жасады. Апамыз кез-келген сайлаудан қалыс қалмай азаматтық парызы ретінде өзіндік үлесін қосып келеді. – Еліміздегі саяси науқаннан
Қоғам

Алматы облысында тұрғын үйдің пеші жарылып 82 адам жылусыз қалған

9 желтоқсанда күндізгі сағат 12:41-де Кеген ауылындағы көпқабатты 32 пәтерлік тұрғын үйдің от жағу ғимаратының ішінде орналасқан "BURAN boiler" пеші жарылып, тұрғын үйдегі жалпы 82 адам (41 жасөспірім, 41 ересек)
Жетісу облысы

«Жанұя» орталығы әлеуметтік осал отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуді жалғастыруда

2020 жылдан бері Талдықорғанда жұмыс істеп келе жатқан «Жанұя» отбасыны қолдау орталығының басты мақсаты — көпбалалы, аз қамтылған және әлеуметтік осал отбасыларға кешенді көмек көрсету. Орталық психологиялық, құқықтық және әлеуметтік
Жетісу облысы

23 Маусым – Қазақстан Полициясының күні

Кез келген дамыған мемлекеттің саяси құрылымында Ішкі істер органдары маңызды орынға ие. Себебі  Ішкі істер құрылымдарының қызметі қоғам өмірімен етене байланыста. Өңір тұрғындарының қауіпсіздігін сақтап, тыныштықты күзету жолында полиция қызметкерлерінің
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *