Жетісу облысыҚұқық

Жолда жүру ережелеріне қатысты жаңа өзгеріс күшіне енді

6 мамырдан бастап елімізде жолда жүру ережелеріне қатысты жаңа өзгеріс күшіне енді.  Енді тұтас бір жолақты сызықты басып, қарсы бағытқа шығып көліктен озғандар, жарты жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Жол қозғалысындағы жаңа өзгерістер туралы Жетісу облысының Полиция департаменті әкімшілік практика бөлімінің бастығы Саят Ибраимов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.

«Елді-мекендерде автобус жылдамдығы сағатына 50 шақырым болып төмендетілді. Ал  қоғамдық  темір тұлпарларға арналған жолақпен енді автобус санатына жататын көлік құралдары да еркін қозғала береді. Оларға салмағы  5 тоннадан асатын 8 жолаушы орындығы бар көліктер кіреді», — деді полиция майоры.

Жаңа сәйкестендіру белгілері пайда болады:  «Электромобиль» (көліктің артқы жағында ілінеді) және «Газ жабдығы бар автомобиль». Сонымен қатар, енді жол қозғалысы ережелерінде «мүгедек» белгісі «тірек-қимыл аппараты бұзылған үшінші топтағы мүгедектер немесе осындай мүгедектер тобын тасымалдайтын» азаматтардың көліктеріне ілуге рұқсат етілетін болады.

Сондай-ақ, «Электрлік скутерлерге жүруге тыйым салынады», «Параллель жолға қайта құру», «Параллель жолдың соңы», «Диагональды жаяу жургіншілер өткелі» жене т.б. жаңа жол белгілері енгізілді. Қабылданған бұл жаңа өзгерістер жол-көлік оқиғасының азаюына себеп болатын көрінеді.

 

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Алакөлдік көпбалалы ана дауыс берді

Алакөл ауданы, Үшарал қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Алия Байболова №50 дауыс беру учаскесіне келіп, дауыс берді. – Бүгін біздің еліміз үшін жауапты күн. Бұл, біріншіден, әр адамның болашаққа деген сенімі.
Жетісу облысы

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты қалай іске асып жатыр?

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты коммуналдық салаға инвестиция тарта отырып, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайтуды көздейді. Бағдарлама шеңберінде желілер мен жабдықтардың жоғары тозуына байланысты инженерлік инфрақұрылымды
News

Жетісу облысы бойынша 463 дауыс беру учаскесі өз жұмысын тоқтатты

Облыс тұрғындары үшін 463 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін дауыс берді. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Даутов хабарлады. Жалпы облыс бойынша 442 429
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *