Медицина

Мамандандырылған тамақ өнімдері туралы не білуіңіз керек?

Соңғы жылдары адам денсаулығын жақсартуға бағытталған өнімдер сегментінің белсенді өсуі байқалады, олардың қатарына мамандандырылған тамақ өнімдері кіреді.

 

Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мамандандырылған тамақ өнімдері – жекелеген заттардың немесе барлық заттар мен компоненттердің құрамына және (немесе) арақатынасына қойылатын талаптар белгіленген және (немесе) жекелеген заттардың құрамы және (немесе) табиғи құрамына қатысты арақатынасы өзгертілген және (немесе) құрамға бастапқыда қатыспайтын заттар немесе компоненттер (тағамдық қоспалар мен қоспалардан басқа) енгізілген және (немесе) дайындаушы олардың емдік және (немесе) профилактикалық қасиеттері туралы мәлімдейтін және бұл адамдардың жекелеген санаттарында қауіпсіз боп есептелетін арнаулы тамақ өнімдері.

 

«Мамандандырылған тамақ өнімдеріне мыналар жатады: диеталық емдік және профилактикалық тамақтану өнімдері, спортшылардың тамақтануына, жүкті және бала емізетін әйелдердің тамақтануына арналған өнімдер, энтеральді тамақтану, диабеттік тамақтану өнімдері, рефлюкске қарсы қоспалар, шала туылған және (немесе) салмағы аз балаларды тамақтандыруға арналған қоспалар, төмен лактозалы (лактозасыз) өнімдер, аз (немесе аз қамтылған) өнімдер жеке аминқышқылдары»,— деп атап өтті Жетісу СЭБД басшысының орынбасары Самат Ахметов.

 

Мамандандырылған тағамның тамақ өнімі: адам ағзасының аурулардың қауіп факторлары мен патогенезін ескере отырып, қажетті тағамдық заттар мен энергияға физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс; контаминанттар мен биологиялық белсенді заттар мен қосылыстардың, микроорганизмдердің және басқа да биологиялық организмдердің рұқсат етілген құрамы бойынша белгіленген гигиеналық талаптарға сәйкес келуі керек.

 

Оралған тамақ өнімдерінің таңбалауында мынадай мәліметтер болуы тиіс: атауы, құрамы, саны, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының атауы мен орналасқан жері, пайдалану жөніндегі ұсынымдар және (немесе) шектеулер, тағамдық құндылық көрсеткіштері, ГМО-ның болуы туралы мәліметтер және ЕАС белгісі.

 

Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес мамандандырылған тамақ өнімдері міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

Өнімдерді саналы түрде таңдаңыз!

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында жұқпалы аурулар белең алып тұр

Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар оның ішінде вирусты гепатит А, қызылша, көкжөтел белең алуда. Жетісу облысы бойынша қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1496 жағдайы тіркеліп, оның 1139 жағдайы расталды. Оның ішінде 1035 жағдай
Жетісу облысы

15 қыркүйекте бастап тұмауға қарсы вакцина салынады

Елімізде  жылда күз келгенде жіті респираторлық-вирустық инфекция мен тұмау өршиді. 2023-2024 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дың 259 111 жағдайы тіркелген, оның ішінде зертханалық жолмен анықталған тұмау жұқпасының 129 жағдайы анықталды. Осыған
Қоғам

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ТҰМАУ МЕН ЖРВИ ӨРШІП ТҰР: 37 мыңнан астам жағдайы тіркелді

Жетісу облысында 2023-2024 жылдардағы эпидемиологиялық маусымның 40-48 аптасында жіті респираторлық вирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 37 361 жағдайға дейін ұлғаюы байқалды. Бұл алдыңғы эпидемиологиялық кезеңмен салыстырғанда 2,5 есе артық. Науқастардың 70%-ы 14
Медицина

Көкжөтелдің алдын алу шаралары

Көкжөтел – ауа-тамшылы жұғу жолымен немесе қатынас арқылы берілетін инфекциялық ауру. Көкжөтелдің қоздырғышы - Bordetella тектес бактериялар болып табылады. Көкжөтел спазмды жөтел ұстамаларымен байқалады және жоғары тыныс алу жолдарының шырышты
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *