News

Алматы облысында автокөліктерді алғашқы тіркеу үшін төленбеген мемлекеттік баждарды өндіру шаралары жүргізілуде

 

Алматы облыстық Әкімшілік полиция басқармасы 13,2 млрд теңгеге тең төленбеген алғашқы тіркеу жағдайларын анықтады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы міндетін атқарушы Еркебұлан Ахметов мәлімдеді.

“Мемлекеттік кірістер департаменті шетелден әкелінген автокөліктердің алғашқы тіркеу үшін мемлекеттік бажсыз тіркелген көптеген фактілерін анықтады. Сондай-ақ, жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлердің бажсыз берілу жағдайлары да тіркелді. 2018-2021 жылдар аралығында 13,2 млрд теңге көлемінде 2 228 автокөліктің алғашқы тіркеуі кезінде баж төленбеген”,– деп атап өтті Еркебұлан Ахметов.

Сонымен қатар, 77 мемлекеттік нөмірдің мемлекеттік бажсыз берілуі анықталып, бюджетке 36,7 млн теңге шығын келтірілген.

“Қазіргі уақытта әкімшілік полиция осы қызметтерді заңсыз алған тұлғалардан баждарды өндіру бойынша жұмыстар жүргізуде” , – деді Еркебұлан Ахметов.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Олжас Отардың айтуынша, биылғы жылдың 5 қыркүйегіне дейін 505 салық төлеушіден жалпы сомасы 698 теңге өндірілген. Оның ішінде 45 млн теңгесі мемлекеттік баж ретінде 228 салық төлеушіден жиналса, ал 653 млн теңге көлеміндегі төлемдер 277 салық төлеушіден өндірілген.

Shares:

Related Posts

News

Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңінің аяқталуына бір ай қалды

Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі 15 қыркүйекте аяқталады. Яғни, кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары осы уақыт аралығына дейін ел аумағындағы және шетелдегі активтері жөнінде дерек ұсынуы тиіс. Жалпы
News

Жетісу облысындағы қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1063 жағдай тіркеліп, оның 751 зертханалық сараптамамен расталған. Олардың басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар, яғни 53,9%. Айта кетерлігі
News

Жетісу облысына жұмысқа орналасқан 70 маманға жәрдемақы беріледі

Жетісу облысындағы медициналық ұйымдарға 2024 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап жұмысқа орналасқан жас мамандарға облыс әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасы арнайы комиссияның шешімімен жәрдемақы тағайындады. Шешім бойынша ауылға жұмысқа орналасқан
News

Вице-министр Әлібек Жамауов Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов жұмыс сапарымен Алматы облысында болып, Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесті. Вице-министр жылу-энергетика комплексінің ағымдағы жағдайы туралы айтып берді. Қала тұрғындары жылумен қамту, газбен қамту және ЖЭО-дағы жөндеу
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *