Қоғам

Алматы облысында биыл 52 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Оның ішінде 76,6%-ы тұрақты жұмыс орындары.

Жыл басынан бері өңірдегі жұмыспен қамту орталықтарына 62 мыңнан астам азамат өтініш білдірді. Бұл туралы Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Жансерік Әдиахметов мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл 66 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, оның 76,6%-ы тұрақты жұмыс орындары болмақ. Қазіргі уақытта облыста 52,5 мың жұмыс орны ашылған, оның 39,7 мыңы тұрақты жұмыс орындарына жатады. Сондай-ақ, субсидияланатын жұмыс орындарына 11,8 мың адам орналастырылған.

“Субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілген азаматтардың қатарында жастар тәжірибесінен өткен 971 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысқан 8 153 адам және әлеуметтік жұмыс орындарында еңбек еткен 601 адам бар. Сонымен қатар, ‘Күміс жас’ жобасы арқылы 1 442 азамат жұмысқа орналастырылды,” – деді Әдиахметов.

Облыста қысқа мерзімді курстар арқылы 624 жұмыссыз азамат кәсіби дағдыларын жетілдірді. Ал «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында 2,9 мың адам оқытылып, олардың 260-ы әлеуметтік осал топтардың өкілдері болды. Бағдарлама нәтижесінде 400 АЕК көлеміндегі грантты иеленген азаматтар өз кәсіптерін бастау мүмкіндігіне ие болды.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін жыл басынан бері 69 жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 980 жұмыс беруші 9 065 бос жұмыс орнын ұсынды. Сонымен қатар, 279 азамат, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 54 адам мен пробация қызметінде есепте тұрған 225 адам жұмыспен қамту шараларына жүгінді. Нәтижесінде, 224 адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, 17 азамат қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Айта кету керек, мүгедектігі бар азаматтарға да ерекше көңіл бөлінуде. Облыста 97 кәсіпорынға 166 жұмыс орнына квота белгіленген. Жыл басынан бері 1 143 мүгедектігі бар азаматтың 487-сі тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Shares:

Related Posts

Қоғам

Жетісу облысының филармониясына Дәнеш Рақышевтің есімі берілді

Өңір филармониясына Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтің есімі берілуіне орай тұлғаның тұрған үйінде естелік тақтайшасы жаңартылды. Сондай-ақ әнші әрі композитор құрметіне арнап ҚР мәдениет пен өнер саласы үздіктерінің қатысуымен «Жетісу
Жетісу облысы

Жетісу облысында жаңа тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылуда

Бүгін облыста «Жетісу жастары» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алуға өтінімдерді қабылдау басталды. «Отбасы банк» АҚ мен облыс әкімдігінің бірлескен жобасы алғаш рет 2022 жылы іске асырылып 30-дан астам жас
Жетісу облысы

Талдықорғанда қала күні ауқымды түрде атап өтіледі

Биыл қала күнін тойлау Талдықорған қала мәртебесін алғанына 80 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Әр жыл сайын бұл мереке қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Мерекелік іс-шаралар айдың басынан, соңына дейін
Жетісу облысы

Талдықорғандағы қатты тұрмыстық қалдықтарға байланысты даулы мәселеге қатысты нақты жауап берді

Естеріңізге салсақ, 1 маусымнан бастап қала бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды «Жаңа Сана» ЖШС-гі шығаруды бастаған болатын. Алайда, жаңа мекеменің жұмысына қатысты әлеуметтік желілерде сынға толы жарияланымдар шыққан еді. Аталған мәселені
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *