ЖаңалықтарЖетісу облысы

Талдықорғандық NIS оқушылары жасанды интеллект бойынша желілік олимпиадада бірқатар жүлделі орындарға ие болды

Олимпиада Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 10-12 сынып оқушылары арасында өтті.

Екі күн ішінде 150-ден астам оқушы жасанды интеллект саласындағы білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, күрделі тапсырмалар орындады.

Нәтижесінде 11 — сынып оқушысы Жәнібек Қасымқан 1 орын алды. Сонымен қатар, ол «Ең күрделі есепті бірінші болып шығарғаны үшін» номинациясында диплом алып, 2000$ тұратын ISSAI Назарбаев Университетінің жаздық оқыту курсының сертификатын жеңіп алды.

11 — сынып оқушылары Әлихан Аралбаев, Алдияр Жатақбаев, Айым Сабыр 3 орынды, Даулет Салтыбаев 2 орынды иеленді.

Сондай-ақ, балалар ISSAI Назарбаев Университеті институтының, Astana IT University сарапшыларының және Халықаралық университеттер өкілдерінің дәрістеріне қатысты.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Жетісу облысында «Жыл волонтері» облыстық сыйлығын өткізу жоспарлануда

Басты мақсат 5 желтоқсан –   Халықаралық  волонтерлер күніне орай үздік еріктілерді марапаттау, ынталандыру  және  жеткен  жетістіктерін халыққа жариялау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Шараны ұйымдастырушылар Жетісу
Жетісу облысы

Талдықорғанда 15 апатты үй реновация бағдарламасы бойынша сүріледі

Талдықорғанда барлығы 852 көпқабатты тұрғын үйлер бар. Қала бойынша 203 көп қабатты тұрғын үйлердің шатырлары жөндеу жұмыстарын талап етеді. Биыл 30 көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Жаңалықтар

Еңбегі еленген марапат

Жетісу облысының Қаратал өзенінде болған оқиға жаздың жайма шуақ күнінде тіркелген. Патрульдік полицияның рота инспекторы Санат Серікқалиұлы ағыны қатты өзенге түсіп, суға батып бара жатқан баланы құтқарып, ерлік көрсетті. Жаужүректілігінің
Жетісу облысы

Талдықорғандағы қатты тұрмыстық қалдықтарға байланысты даулы мәселеге қатысты нақты жауап берді

Естеріңізге салсақ, 1 маусымнан бастап қала бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды «Жаңа Сана» ЖШС-гі шығаруды бастаған болатын. Алайда, жаңа мекеменің жұмысына қатысты әлеуметтік желілерде сынға толы жарияланымдар шыққан еді. Аталған мәселені
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *