NewsЖетісу облысы

Көксулық батыр аналар дауыс берді

Көксулық көпбалалы аналар да референдумда өз таңдауларын жасауда. Еңбекшіқазақ, З.Тамшыбай, Мұсабек ауылында тұратын көпбалалы аналар дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда.
«Батыр аналар» Республикалық референдумда дауыс беріп қана қоймай, көпшілікті осындай маңызды істен қалыс қалмауға шақырды.
«Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Әр азаматымыздың дауысы Қазақ еліміздің дамуына үлес қосуы деп санаймын. Мен осы ауылға келін болып түскеніме 65 жылдай болыпты. Әйел адам әрбір үйдің, әр шаңырақтың отанасы. Біз үшін жылы баспана, қарны тоқ балаларымыз, жарық пен тұрмысқа қажет заттардың толықтығы маңызды ғой. Ел Президентінің бұл мәселені халықтың талқылауына бергеніне де ризамыз. Ел болып, халық болып бірігіп бір ортақ шешімге келейік!» – дейді көпбалалы ана Қалипан Еркенова.