Саясат

Мәслихат сайлауы: Байғазиев Нұрлан Алтынбекұлы өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Іле ауданындағы № 2 сайлау округіне «AMANAT» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Байғазиев Нұрлан Алтынбекұлының сайлауалды бағдарламасы

Мен, Байғазиев Нұрлан Алтынбекұлы, 1977 жылы 04 қаңтарда Жамбыл облысы, Свердлов ауданы (қазіргі Байзақ ауданы) Ақжар ауылында дүниеге келдім.

  • 1999 жылы Тамбов қаласының Әскери-Авиациялық Инженерлік институтын «радиоинженер-радиотехник» мамандығы бойынша бітірдім.
  • 2004 жылы Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар академиясын құқықтану мамандығы бойынша тәмамдадым.
  • 1999-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінде офицер шенінде қызмет жасадым.
  • 2010-2016 жылдары «NaizaGroup» ЖШС жеке күзет фирмасының Құрылтайшысы, Бас директоры.
  • 2016-2017 жылдары букмекерлік компаниясының Өзіндік қауіпсіздік қызметінің бастығы қызметін, Боралдай әуежайы Өзіндік қауіпсіздік қызметінің бастығы.
  • 2017-2024 жылдары Алматы қаласы Заң консультация палатасының мүшесі, заңгер
  • 2023 жылдан бастап «АMANAT» партиясының мүшесі.
  • 2024 жылы Алматы облысы Адвокаттар алқасының адвокаты.

Құрметті сайлаушылар!

Менің басты мақсатым – Боралдай кентінің жинақталған проблемаларын шешу, Боралдай кентінің дамуына өз үлесімді қосу. Өз кандидатурамды ұсына отырып, болашақта шешілуі қажет көптеген тапсырмаларды толық жауапкершілікпен орындауға және оларды болашақта шешу керек екенін түсінемін. Егер мені сайлаушылар қолдаса және мен депутат болып сайлансам, онда мен жоспарланған сайлауалды бағдарламамды жүзеге асыруға міндеттенемін.

Менің сайлауалды бағдарламам Боралдай кентінің, Водник 1, 2, 3 және “Жайнақ” ықшам аудандарының тұрғындарын толғандыратын төменде көрсетілген бірқатар мәселелерді қозғайды.

  • Су құбыры мәселесі және ауыз судың жетіспеушілігі мәселелерін шешуге атсалысу;
  • Жастар – қоғамдағы өзгерістердің басты қозғаушы күші, жастарды жұмыспен қамту, Боралдай кентінің дамуына белсенді қатысуға  жастарды шақыру;
  • Жергілікті маңызы бар жолдарды салу және реконструкциялау мәселелерін көтеру және оны шешу жұмыстарын атқару;
  • Боралдай кенті, “Жайнақ”, “Водник” ықшам аудандары бойынша көшелер мен аулаларды жарықтандыру, электрмен жабдықтау, бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмыстарды қадағалау;
  • Ауыл тұрғындарын кәсіптік медицина қызметтерімен қамтамасыз етуге, “Водник-1” ықшам ауданындағы аурухананы күрделі жөндеуге қаражат бөлуге атсалысу, (ЖСҚ бар);
  • Мектептердің 3-ауысымдылығын азайту мақсатында “Жайнақ” ықшам ауданында 1500 орындық жаңа мектеп салуға бюджеттен қаражат қарастыруға ықпал ету;
  • “Водник 1,2,3” ықшам аудандарында балалар ойын алаңдарын жаңартуға ықпал ету;
  • 2025-2026 жылдарға арналған бағдарлама бойынша бюджеттен тұрғын үйлердің шатырларын ауыстыруға қаражат бөлу жұмыстарын жасау;
  • 2025-2026 жылдарға арналған жылумен жабдықтау желісін “Водник-1,2” және Ломоносов көшелерінде толық жаңартуға бюджеттен қаражат бөлу жұмыстарын жасауға атсалысу;
  • Мәдениет үйінің құрылысы бойынша жұмыстың уақтылы және сапалы аяқталуын бақылап, көңіл бөлу.

Қарттарға, зейнеткерлерге, соғыс ардагерлеріне және еңбек ардагерлеріне ерекше назар аударуға, кент тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін барлық аспектілерде қолдау көрсетуге, аналарды, балаларды және әйелдер еңбегін қорғау бойынша маңызды шаралар қабылдауға тырысамын. Барлық әлеуметтік-экономикалық мәселелерге түсіністікпен қарауға және оларды сәтті шешу үшін барлық күш пен білімімді қолдануға міндеттенемін. Сайлау науқанына бір кісідей атсалысып, өз таңдауымызды жасайық, ағайын!

Сіздердің дауыстарыңыз мен үшін өте маңызды!

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.