Жаңалықтар

Мәслихат сайлауы: Галиев Бақытжан Карлұлы өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Алматы облыстық мәслихат депутаттығына №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат Галиев Бақытжан Карлұлының сайлауалды бағдарламасы

Мен Галиев Бақытжан Карлұлы, 1974 жылы  05 қараша күні Иссык қаласында дүниеге келгем. Ұлтым қазақ. Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай ауылында тұрамын. 1992 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай (бұрыңғы Александровка) ауылының орта мектебін бітіргем. 2003 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітіргем. Еңбек жолын 1998 жылы Есік қаласындағы «ФудМастер» ЖШС-де слесарь-реттеуші  болып бастағам. «АПК «Адал» мен АҚ және «ФудМастер» АҚ кәсіпорындарында экономист болып жұмыс істегем. 2013 жылы «Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман-есепші болғам, кейіннен сол ауылдық округінде бас маман-салық инспекторы лауазымына ауысып қызмет атқардым. Қазіргі уақытта «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман лауазымында қызмет атқарамын.

Құрметті жерлестерім!

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының өзекті проблемалары – бұл тозған сумен жабдықтау желілерін қайта құру, көшелерді жарықтандыру, ауылдардағы көшелерді асфальттау, елді мекендерді газдандыруды жалғастыру. Қоғамдық көлiк санының жеткiлiксiздiгi тұрғындардың жұмысқа және оқуға баруына қиындық туғызып отыр. Ауданда жұмыс орындарының аздығынан және жалақының төмендігінен жергілікті халық күн сайын Алматыға баруға мәжбүр.

Ауыл шаруашылығы саласында бұл суармалы каналдар мен жалпы суармалы арық жүйесін қалпына келтіру, суару маусымында егістік суының жетіспеушілігі, өсірілген өнімді өткізу.

Педагог кадрлардың жетіспеушілігі білім беру саласындағы өзекті проблема болып табылады. Салық саясатының жеткiлiксiз айқындығы кәсiпкерлер тарапынан бейсаналы бұзушылықтарға әкеп соғады. Кәсіпкерлер жеңілдетілген несиелер мен субсидияларға, банктердің кепіл саясатына және мемлекеттік сатып алулар бойынша тендерлерге қатысты проблемаларды атап өтуге болады.

Сайлаушылардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн депутаттардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген мәжiлiстерi түрiнде мәслихаттың тұрақты комиссияларының құзыретiне жататын аса маңызды және әлеуметтiк маңызы бар мәселелердi талқылау кезiнде қоғамдық тыңдаулар өткiзудi талап етемiн.

Құрметті сайлаушылар!

Мен бұл сайлауға өз кандидатурамды қарапайым азаматтардың өз қаласын, ауылын және өңірін басқаруға қатыса алатынын көрсетуге үміттеніп ұсындым. Бірақ өзім алға қойған басты міндет – ол қарапайым азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.   Мен өз сайлау округіміздің проблемаларын білемін, оның аумағында тұрамын және жұмыс істеймін, күн сайын қоғамдық көлікпен жұмысқа қатынаймын, сол дүкендерге, медициналық мекемелерге барамын, банктерден несие аламын.   Өңірімізді бізге және болашақ ұрпаққа жайлы ете отырып, барлық проблемаларымызды бірге шеше алатынымызға сенімдімін. Өзін-өзі ұсынған кандидат ретінде мен сайлау күні дауыс беруге келетін жерлестерімнің қолдауларына сеніп, сайлауға түсемін.

Бұл үгіт материалы үшін төлем аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылды.