Жаңалықтар

Мәслихат сайлауы: Савутов Ахметжан Махмутович өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Қонаев қаласындағы №5 сайлау округінен қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Савутов Ахметжан Махмутовичтің сайлауалды бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Савутов Ахметжан Махмутович, 1963 жылы Алматы облысында дүниеге келдім. Еңбек жолымды газ саласында 43 жыл бұрын бастадым, оның ішінде 37 жыл газ инфрақұрылымын дамыту мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арнадым. Қазіргі уақытта «Қапшағай аймағының газ жүйелері» ЖШС-нің техникалық директоры ретінде өңіріміздегі газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асырумен айналысамын.

Менің басты мақсатым – өз тәжірибем мен білімімді қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, қаламыздың тұрақты дамуына үлес қосу. Мәслихат депутаты ретінде келесі бағыттар бойынша жұмыс істеуге ниеттімін:

  • Қаламыздың барлық аудандарын үздіксіз және қауіпсіз газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру.
  • Коммуналдық қызметтерді жаңғырту, оның ішінде су, жылу және электр жүйелерінің сапасын арттыру.
  • Жаңа газ инфрақұрылымын салу және бар желілерді жөндеу арқылы тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту.
  • Қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында таза және тиімді энергия көздерін пайдалану жобаларын қолдау.
  • Жастарға және әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету, олардың еңбекпен қамтылуына жағдай жасау.
  • Қаламыздың жаңа құрылыс жобаларын қауіпсіздік талаптарына сай жүзеге асыруға бақылау жасау.
  • Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру, оның ішінде газ және инженерлік желілерді пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын нығайту.

Құрметті сайлаушылар!

Мен сіздердің сенімдеріңізді ақтап, қаламызды дамыған, қауіпсіз және жайлы ортаға айналдыру үшін бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын. 8 желтоқсан күні сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс берулеріңізді сұраймын.

Бұл үгіт материалы үшін төлем аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылды.