Саясат

Мәслихат сайлауы: Тынышпаева Мариям Айдарқызы өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Іле аудандық мәслихат депутаттығына №2 сайлау округі бойынша кандидат Тынышпаева Мариям Айдарқызының сайлауалды бағдарламасы

Мен, Тынышпаева Мариям Айдарқызы, 1991 жылдың 5 маусымында Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында дүниеге келдім. 2013 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірдім.

Еңбек жолымды 2006 жылы «Айман» продюсерлік орталығында сценарист ретінде бастадым. 2009-2010 жылдары Өскемен қаласындағы «КТВ» телеарнасында диктор-корреспондент болып жұмыс істедім. Кейіннен 2010-2011 жылдары «Әл-Фараби» радиосында радиожүргізуші болып қызмет атқардым.

2012-2013 жылдары «Unity» тілдер орталығында қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істедім. 2013-2014 жылдары «Болат» продюсерлік орталығында жоба менеджері қызметін атқардым. 2015-2021 жылдар аралығында «Алмател Казахстан» акционерлік қоғамында бизнес-тренер және HR ретінде жұмыс істедім.

2022-2023 жылдары консалтингтік «Ардак Сарина» компаниясында директордың орынбасары қызметін атқардым. 2023 жылдан бастап Іле ауданының Жастар орталығын басқарып келемін.

Кәсіби және өмірлік тәжірибем маған түрлі әлеуметтік топтармен жұмыс істеуге, жауапты әрі нәтижеге бағытталған әрекеттер жасауға мүмкіндік берді. Мақсатым – қоғамның әл-ауқатын арттыруға және ауданымыздың дамуына өз үлесімді қосу.

Құрметті сайлаушылар!
Мен кәсіби тәжірибеме сүйене отырып, келесі басым бағыттар бойынша жұмыс жүргіземін:
1. Инклюзивті қоғамды дамыту
  • Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға әлеуметтік жобаларды іске асыруға ықпал ету.
2. Жастарды қолдау
  • Жастарға арналған бағдарламаларды жүзеге асыру.
  • Қысқа мерзімді қайта даярлау курстарын ашуға ықпал ету.
3. Мәдени және шығармашылық кеңістіктерді дамыту
  • Мәдени, креативті және медиа кеңістіктердің ашылуына ықпал ету.
Менің басты мақсатым – аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, жастарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсету. Сіздердің сенімдеріңіз мен үшін өте маңызды.
8 желтоқсанда мені қолдаңыздар!
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.