Жаңалықтар

Мәслихат сайлауы: Жаңғабылов Әлішер Асқарұлы өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Көксу аудандық мәслихат депутаттығына №5 сайлау округі бойынша кандидат Жаңғабылов Әлішер Асқарұлының сайлауалды бағдарламасы

Құрметті Балпық би ауылдық округінің  сайлаушылары!

Мен, Жаңғабылов Әлішер Асқарұлы, 1994 жылғы 3 наурызда Жетісу облысы, Көксу ауданы, Еңбекшіқазақ ауылында дүниеге келдім. Әкем – Абдикаримов Асқар Жаңғабылұлы, зейнеткер. Анам – Абдикаримова Рая Нұрышқызы, Еңбекшіқазақ ауылдық дәрігерлік амбулаториясында фельдшер болып қызмет атқарады. 2001 жылы Еңбекшіқазақ орта мектебіне оқуға түсіп, 2012 жылы мектепті тәмамдадым. Сол жылы І. Жансүгіров атындағы университеттің «Педагогика және психология» факультетіне «Музыкалық білім» мамандығы бойынша мемлекеттік грантқа ие болып, 2016 жылы оқуымды аяқтадым.

Еңбек жолым:

Құрметті сайлаушылары!

Мені округ депутаты етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

  • Ауданымыздың экономикалық дамуына жұмыс жасауға;
  • Мемлекеттік бағдарламаларды жастарға насихаттауға;
  • Көпбалалы аналар мен жағдайы төмен отбасылардың әлеуметтік  жағынан қорғалуына;
  • Талантты, дарынды жастардың идеясын жүзеге асыруға және қолдау көрсетуге;
  • Медицина ұйымдарының салынуына;
  • Дәрігерлер мен жас мамандарға тұрғын үй мәселесін шешуге;
  • Аудан орталығына қолайлы мектеп, балабақша, оқушылар үйін,өнер мектебін салуға;
  • Ауыл көшелеріне күрделі жөндеу және жарық шамдарын жүргізуге ықпал етуге;
  • Ауыл жастарының шығармашылық қабілеттерін дамытуда мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға күшімді саламын.

Қымбатты ауылдық округ тұрғындары!

Ауылымыздың ертеңі қандай болатыны сіз бен бізге байланысты. Сондықтан Сіздерді сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беруге шақырамын. Сіздің дауысыңыз – өз жақын-жұрағаттарыңыз бен ауылдастарыңыздың бақытты жəне бай қуатты өміріне қосқан үлесіңіз! Берекелі ауыл – табысты мемлекет!

Сайлауға келіңіз! Мен үшін дауыс беріңіз!

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.