Мен, Жүнісов Айдын Несіпбайұлы, 1981 жылы 23 қараша айында Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыры ауылында дүниеге келдім. 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне «Физика-математика факультетінің» «Информатика және ағылшын тілі» мамандығына түсіп, 2003 жылы аяқтадым.
- 2005-2006 жылдар аралығында «Валют-Транзит» зейнетақы қорында маман болып жұмыс жасадым;
- 2006-2007 жылдар аралығында «Альянс Retail Group» ЖШС-де жеке тұлғалармен жұмыс жасайтын менеджер;
- 2008 жылдың 09 қазан айында «Көксу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту секторының бас маманы;
- 2010-2020 жылдар «Көксу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту секторының меңгерушісі;
- 2020-2023 «Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры;
- 2023 жылдың 01 шілдесінен «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Көксу ауданы мансап ортылығы» филиалының директоры лауазымына тағайындалдым, бүгінгі күні осы лауазымда жұмыс жасаймын.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Менің мақсатым – Балпық би ауылын көркейту,оның өркендеуі үшін халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту үшін аянбай еңбек ету.
Ауылдық округте мынандай өзекті мəселелердің оң шешімін табу үшін менің алға қойған мақсаттарым:
- Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына ықпал ету;
- Экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал ету;
- Ауыл аумағында санитарлық-тазалық, көркейту, аббатандыру, көше жолдарына ағымды жөндеу жүргізу, ауыл мәдениетінің дамуына ықпал ету;
- Әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы, жас мамандарға қамқорлық көрсету, жастарды спортпен айналысуға тарту жөніндегі жұмыстарды жандандыру;
- Ауыл ішіндегі жолдардың жөнделуі, көшелерге жарық шамдардың орнатылуы;
- Ауылдағы жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасау, осы кісілердің жағдайларын үнемі назарда ұстау және көмек көрсету;
- Ауылдағы білім беру, денсаулық сақтау, кітапхана және т.б. мекемелерде материалдық-техникалық базасын арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға атсалысу;
- Жұмыссыз халықтың жұмыспен қамтылуы, көпбалалы отбасыларды қолдау, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету.
Қымбатты ауылдық округ тұрғындары!
Ауылымыздың ертеңі қандай болатыны сізбен бізге байланысты. Сондықтан, сіздерді сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беруге шақырамын. Сіздің дауысыңыз –өз жақындарыңызбен ауылдастарымыздың бақытты жəне бай қуатты өміріне қосқан үлесіңіз болады. Берекелі ауыл – табысты мемлекет!
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.