Сарқан ауданы Қойлық ауылдық «Зарянка» этно орталығының өкілдері өз дауыстарын берді. Этно орталық мүшелері Қойлық ауылында өткізілетін барлық іс-шараларына белсене ат салысады. Аталған орталықтың ауыл бойынша ұлтаралық қатынастарды нығайтуда үлесі зор. Көптеген аудандық, республикалық байқау жеңімпаздары.
К.Қазыбаев атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері елдегі елеулі сәтті ерекше іс-шаралармен айшықтап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Зарянка» это орталығының өкілдері референдум учаскесінде ұлттық киімдерін киініп өз таңдауларын жасауға келді.
«Біз маңызды шараға бей-жай қарамаймыз. Сондықтан жерлестерімізді референдумға бір кісідей атсалысуға шақырамын», – деді этноорталық жетекшісі Татьяна Лебедева.