Медицина

Сәулет Қапсаламова: Көкжөтел ауруының алдын алған жөн

1.Көкжөтел дегеніміз не және ол кім үшін қауіпті?

Көкжөтел – Bordetella Pertussis көкжөтел таяқшасы тудыратын жұқпалы ауру. Бұл тыныс алу жолдарына (негізінен трахея мен бронхтарға) әсер ететін жіті жұқпалы ауру. Ол 3-4 айға дейін созылатын күшті булықпа жөтелмен сипатталады.

Әдетте көкжөтел мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар арасында кездеседі. Бірақ ауру 2 жасқа дейінгі балалар үшін аса қауіпті, бұл жаста көкжөтел ми қан айналымының бұзылысына және миға қан құйылуына алып келуі мүмкін. Бұл өз кезегінде баланың ауруға дейін үйренген дағдылардың жоғалуына және бала дамуының баяулауына себепші болады.

2. Көкжөтел қандай жолмен беріледі?

 Көкжөтел себепшісі грам-теріс аэробты Bordetella Pertussis таяқшасы. Науқас адам алғашқы шағымның пайда болуынан бастап 6 аптаға дейін ауру көзі болып қалады. Инфекцияның таралуы жөтелу немесе түшкіру кезінде ауа-тамшылы жол арқылы жүреді. Вакцина алмаған адамдар үшін аурудың контигоиздық индексі 90%-ды құрайды (яғни 10 адамнан 9 адам ауруды жұқтырады). Вакцинацияланған адамдарға контагиоздық көрсеткіш 20%.

3. Көкжөтел қандай асқынуларға алып келуі мүмкін?

Аурудың ауыр ағымында науқастарда қауіпті асқынулар дамуы мүмкін, мысалы: қан кетулер (мұрыннан, бронхтан және т.б.), қан құйылулар (теріге және шырышты қабаттарға, көз склерасына және торына, бас немесе жұлын миына), грыжаның пайда болуы (кіндікте және шапта), құлақ қалқанының және диафрагманың жыртылуы, пневмония, өкпенің қысылуы.

Көкжөтелмен ауырғаннан кейін қалдық әсерлер дамуы мүмкін: созылмалы бронхит, психомоторлы дамудың кешігуі, невроздар, құрысу синдромы, сөйлеу бұзылысы; сирек жағдайда кереңдік, соқырлық, толық немесе ішінара параличтерге алып келуі мүмкін.

4. Көкжөтелдің негізгі алдын алу шаралары.

Ауруды алдын алу мақсатында халықты дер кезінде вакцинациялау бірінші орында. Тек вакцинация баланы аурудан сақтай алады. Көкжөтелге қарсы вакцина (АбКДС)Ұлттық егу күнтізбесі бойынша баланың 2, 3, 4, 18 айында және 6 жасында беріледі. Сирек жағдайларда көкжөтел вакцина алған адамдарда кездеседі, алайда ол вакцинацияланбаған адамдардан аурудың жеңіл ағымымен және асқынулардың жоқтығымен ерекшеленеді.

Қапсаламова Сәулет Баймұхаметқызы

Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары