Жыл сайын жер бетінде шамамен 15 миллион бала мерзімінен бұрын дүниеге келеді, яғни әр 10-шы бала уақытынан ерте туады. Әлемнің әр бұрышындағыдай, Талғарда да мұндай мәселе бар. Мысалы, Талғар аудандық орталық ауруханасының перзентханасында 2024 жылы 171 бала мерзімінен бұрын өмір есігін ашты. Олардың ішінде 110 нәресте МӘМС аясында. Өкінішке орай, мерзімінен ерте туған балалардың басым бөлігі үлкен сынақтарға тап болады, оларды ұзақ уақыт емдеуге және үйде күтім жасауға тура келеді. Өткен жылы Талғар аудандық ауруханасының жаңа туған балалар реанимациясына 140-тан астам науқас түсті, олардың ішінде салмағы 1000 граммға дейінгі 9 бала, 1500 граммға дейінгі 24 бала болады. Мұндай балаларды емдеу өте күрделі,ерекше күтімді және интенсивті емдеуді қажет етеді. Дегенмен, Талғар перзентханасы дәрігерлерінің, медицина дамуының, заманауи құрал-жабдықтардың және ең бастысы акушер-гинеколог дәрігерлердің, неонатолог дәрігерлердің біліктілігі мен тәжірибесінің, неонатальды хирургтардың/кардиологтардың/невропатологтардың/офтальмологтардың көмегі және балалар медбикелері қамқорлығының арқасында 22 апталық жүктілік пен 500 грамм салмақтан бастап дүниеге келген ең кішкентай сәбилердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар. Т
алғар аудандық ауруханасында төрт неонатолог-реаниматолог дәрігереңбек етеді. Олар аға ординатор Ермекова Фазила Қалиасқарқызы, ординаторлар Пилипко Елена Александровна, Садықова Айжан Нұрланқызы, Борисевич Мария Александровна. Неонатальды бөлімшедегі балалар медбикелерінің командасы: аға медбике Баян Байбатырова, жаңа туған нәрестелердің реанимация медбикелері Зиба Қадырова, ФаридаМансұрова, Мадина Назарбаева, Лаура Бекболат, Айнұр Базарбаева, Жадыра Далдыбаева, Шырын Қанапия, Кульжан Салмақова, Аружан Сембай, ал жаңа туған нәрестелерді күту палатасында Райхан Қанағатова, Айжан Жамалиева, Анастасия Загребова, Сара Нәзірбаева, Бақтыгүл Шормақова, Әсел Жылбаева және балаларды емізу бойынша медбикелер Алима Матжанова мен Сандуғаш Ұзақова, екпе медбикесі Марина Васильева жұмыс істейді.
Мерзімінен бұрын туған балалар жоғары технологиялық медициналық көмекке мұқтаж, олар нәрестелер бөлімшесіне түсіп, интенсивті терапия жағдайында емделеді. Олар дүниеге келген сәттен бастап тыныс алу аппараттарында болады, түрлі дәрі-дәрмектер мен медициналық күтім жасалады, осының арқасында шақалақтар қалыпқа келе бастайдыжәне қалыпты өмірге дайын болады. Балаларды бақылау және емдеу үзіліссіз жүргізіліп, үлкен күтімді талап етеді, мұнда әр детальдың (ылғалдылық, айналадағы температура, тазалық, дыбыстар, жарық, уақытында емдеу және сапалы тамақтану) маңызы зор. Әрбір нәресте үшін ең қажеттісі – ол үлкен не кіші болмасын, анасының жанында болуы, барлық отбасының қолдауы. Жаңа туған нәрестелерді күту бойынша жұмыс істейтін барлық ұйымдарда реанимациялар аналарға баламен бірге болып, үйге шығарғанға дейін оның күтіміне тікелей атсалысуға мүмкіндік береді. Әрбір сәби үшін қамқорлық, сақтық және сенім өте маңызды.
Көбіне кішкентай науқастар аналарымен бірге перзентханада 2 айдан астам уақыт өткізеді. Бұл неонатолог дәрігерлердің, балалар медбикелерінің, кіші медициналық қызметкерлердің және ананың бірлескен үлкен еңбегінің арқасында атқарылатын шаруа. Осы уақыт ішінде барлық қызметкерлер мен ана нәрестенің ең жақын адамына айналады. Күндер мен түндер, апта мен тіпті айлар бойы баланың өмірі үшін күрес жалғасады. Әрбір баланың алдында ұзақ жол бар, бірақ осы жолдың бастауы оның өмірінің алғашқы секундтарында алғаш рет дем алған сәтінен басталады! Оның қалай дем алғаны маңызды емес, медицина аппаратымен бе, әлде дәрігерлердің көмегімен бе, бастысы – бұл тек бастамасы ғана!
Аурухананың баспасөз қызметі