Бүгін «Таза өлке» апталығының соңғы күні. Дүйсенбіден «Киелі мекен» эконауқаны басталады. Аясында шаһардағы мәдени мұралар мен ескерткіштердің аумағы тазаланып, абаттандырылмақ.
Апта Қонаевтағы тұрғын үйлердің аулаларын тазартумен аяқталды. Сенбілікке 80-нен астам адам жұмылдырылып, 160 қап қоқыс жиналды.
Жалпы «Таза өлке» апталығында бірқатар жұмыстар атқарылды. Алдымен 60-тан астам адам аллеяны қоқыстан тазартты, келесі күндері науқанға Алматы облысының әкімі бастаған мемлекеттік қызметшілер, 200 студент, 800-ден астам бизнес субъектілері, мұғалімдер мен оқушылар, ардагерлер қатысты. Қонаевқа қарасты ауылдық округтермен қоса есептегенде бұл жұмысқа 4500-ден аса адам жұмылдырылды.