Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында қызылшаға қатысты жағдай тұрақты

Өткен жылдың соңында аймақта қызылша ауруының күрт өсуі байқалды. Егер қараша айында 144 жағдай тіркелсе, желтоқсанда олардың саны 218-ге дейін өсті. Қаңтар айында сырқаттанушылық төмендеп, 100 адам болды. Бүгінгі күні алғашқы нақтамамен өсу қарқынымен 951 жағдай тіркеліп, оның 676-сы расталды.
«Расталған жағдайлардың 80%-ы бұрын қызылшаға қарсы вакцинация алмаған. Бұл статистика инфекцияның таралуын бақылауда екпенің маңыздылығын көрсетеді. Ауру облыстың барлық аумағында, Талдықорған қаласы мен Алакөл, Панфилов аудандарында жоғары деңгейде тіркелді»,-деп атап өтті Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары Гүлнар Жүсіпбекованың айтуынша, қазіргі уақытта қызылшамен сырқаттанушылық айтарлықтай төмендеген. Алайда ата-аналары вак-цинациядан үзілді-кесілді бас тартқан екпе алмаған балалар арасында дерт тіркелуде. Вакцинацияланбаған науқастардың бірін дәрігерлер реанимация бөліміне жіберуге мәжбүр болды, онда кейбір органдардың өмірлік функциялары жасанды түрде сақталды. Уақтылы шаралардың арқасында қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсарғанын айтады.
Осындай мысалдарды келтіре отырып, дәрігерлер ата-аналарды алдын алу шараларын жасауға және вакцинацияны уақтылы алуға шақырды.

Related Posts

Жетісу облысы

23 Маусым – Қазақстан Полициясының күні

Кез келген дамыған мемлекеттің саяси құрылымында Ішкі істер органдары маңызды орынға ие. Себебі  Ішкі істер құрылымдарының қызметі қоғам өмірімен етене байланыста. Өңір тұрғындарының қауіпсіздігін сақтап, тыныштықты күзету жолында полиция қызметкерлерінің
Жетісу облысы

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды тасымалдау мәселесі талқыланды

Ел  аумағында  әскери  және  арнайы  тауарлардың қозғалысы Қазақстан  Республикасының  Заңымен  реттеледі. Ол  Мемлекеттік кірістер органдарының  бақылауына  алынып, тауарлардың өтуі қадағаланады. Кедендік  тексеруден бекітілген тізіммен ғана өтетін өзіндік ерекшелігі бар тауарлар
Қоғам

Алматы облысы: Аманаттықтар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеді

Өңір бойынша азық-түлік тауарларының, дәрі-дәрмек, жанар-жағармай бағаларын тұрақтандыру мақсатында партия жанынан мониторинг топтары жұмыс атқаруда. «Жыл басынан бері мониторинг топтары 749 нысанға барды. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында біз
Жетісу облысы

Сарқан ауданының Екіаша ауылында Мұқағали Мақатаев дауыс берді

Республикалық референдум күні қазақтың ақиық ақыны Мұқағалимен аттас Екіаша ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Мұқағали Мақатаев №356 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. «Референдумда халық болып бірлесе шешім қабылдаймыз. Мен бұл маңызды