Жетісу облысыҚоғам

23 Маусым – Қазақстан Полициясының күні

Кез келген дамыған мемлекеттің саяси құрылымында Ішкі істер органдары маңызды орынға ие. Себебі  Ішкі істер құрылымдарының қызметі қоғам өмірімен етене байланыста. Өңір тұрғындарының қауіпсіздігін сақтап, тыныштықты күзету жолында полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен. 23 маусым дәл осы үлкен жауапкершілік пен жанкешті еңбекті талап ететін мамандық иелерінің төл мерекесі. Аталмыш күн қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Омаров БАҚ өкілдерімен кездесіп, әріптестерін мерекемен құттықтады. 

Қазіргі таңда Полиция департаментінде 1916 аттестатталған полицейлер қызмет етуде. Тәуелсіздікті алғаннан  бастап облыста 49 полиция қызметкері қызмет барысында ерлікпен қаза тапты. Олардың құрметіне облыс аумағында ерлік бұрыштары ашылып, ескерткіштер орнатылып, жылда түрлі турнирлар өткізілуде. Қызмет барысында қайсарлық пен табандылық көрсеткен, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өмірлеріне қауіп төнген кезде адамдарды құтқарған батыр қызметкерлерді Мадияр Тұрсынұлы ерекше атап өтті.

«Биыл Талдықорған ҚПБ Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Омаров Диас Кәкімұлы мен Базарбаев Данияр Тарасович адамдардың өмірін құтқарғаны үшін Мемлекет басшысының жарлығымен Б. Момышұлы атындағы «2-ші дәрежелі Айбын» орденімен және «ҚР Полициясына 30 жыл» медальдарымен марапатталды. Ішкі істер министрінің нұсқаулығымен, 16 ақпан күні қызмет барысында адам өлтірген күдіктіні құрықтаған Қаратал АПБ патрульдік полиция қызметкерлері Ринат Асқарұлы мен Рахим Рахатұлы «Құқықтық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, 6 маусымда Талдықорған ҚПБ Патрульдік полиция ротасының инсекторы Санат Серікқалиұлы суға батып бара жатқан 11-жасар баланы құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, соның арқасында өмірін аман сақтап қалды», — деді полиция полковнигі.

Сөз соңында полиция департаменті бастығының орынбасары әріптестері мен ішкі Істер органдарының ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. 

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында халықты иммундау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде

2024 жылдың 3-тоқсанынан бастап 11 жасар қыздарға адам папиломавирусына қарсы екпе жүргізіледі. Айта кетерлігі, облысқа АПВ-ға қарсы вакцинаның алғашқы түсімі қыркүйек айына жоспарланды. Иммундаудың маңыздылығы туралы Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз
Жетісу облысы

«Ақсу қант» ұжымы өз таңдауын жасады

Өңірді қантпен қамтамасыз ететін ұйымшыл ұжымның бірі «Ақсу қант» зауытының қызметкерлері дауыс беру учаскесіне ауызбіршілік танытып бірге келді. «Қазіргі уақытта зауытта жұмыс қызу, тәтті түбір қабылдау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қауырт
Жетісу облысы

Жетісу облысында қызылшаға қатысты жағдай тұрақты

Өткен жылдың соңында аймақта қызылша ауруының күрт өсуі байқалды. Егер қараша айында 144 жағдай тіркелсе, желтоқсанда олардың саны 218-ге дейін өсті. Қаңтар айында сырқаттанушылық төмендеп, 100 адам болды. Бүгінгі күні