Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында халықты иммундау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде

2024 жылдың 3-тоқсанынан бастап 11 жасар қыздарға адам папиломавирусына қарсы екпе жүргізіледі. Айта кетерлігі, облысқа АПВ-ға қарсы вакцинаның алғашқы түсімі қыркүйек айына жоспарланды. Иммундаудың маңыздылығы туралы Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз конференциясында облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары  Индира Күнбасова айтып берді.

Тұрғындар арасында жоспарлы және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша иммундау белсенді түрде жалғасуда. Жоспарлы түрде: ұлттық күнтізбеге сәйкес балаларға туберкулез (БЦЖ), вирустық «В» гепатиті, көкжөтел  және дифтерия сияқты инфекцияларға қарсы,  ал  эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша «А» вирустық гепатитіне, тұмауға, құтырмаға, короновирусқа қарсы иммундау жүргізілуде.

«Иммундау – бұл вакцина енгізу арқылы адамда иммунитетті қалыптастыратын процесс. Ол өзінің тиімділігін дәлелдеген, қоғамдық денсаулықты сақтауда экономикалық тиімді шара. Профилактикалық егу (вакцинация) балалар үшін де, ересектер үшін де өте маңызды. 2024 жылдың басынан бері көкжөтелдің 1 жағдайы тіркелді. Бұл инфекциялардың барлығы вакцинаны уақтылы алмау себебінен орын алды», — деп атап өтті спикер.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасарының айтуынша, бүгінгі күні қызылша жұқпасының алғашқы нақтамасымен өсу қарқынымен 1244  жағдайы  тіркелді.  Оның ішінде 879 жағдай расталды. Қызылша жұқпасы көбінесе екпе алмағандар арасында тіркелуде. Оның  ішінде  209  бала  ата-анасы  екпеден  бас  тартып,  екпе алмай, соның себебінен ауырғандар.

Айта кету керек, вакцинациядан бас тарту инфекцияны жұқтыру қаупін ғана емес, сонымен қатар оның асқынулардың және тіпті өлімнің ауыр даму қаупін де тудырады.

Related Posts

Қоғам

«Елтаңбаны өзгерту деген оңай шешім емес, алайда мен өзгерісті қолдаймын» – депутат

Атырауда Ұлттық құрылтай өткенін білесіздер. Осындай айтулы шарада Мемлекет басшысы бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Оның ішінде Елтаңбаны өзгертуді тілге тиек етті: «Ал Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес
Қоғам

Алматы облысында алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – «Алғыс айту» күні.  Бұл, аумалы-төкпелі заманда қазақ жерінен пана тапқан ұлттардың дархан халыққа білдірер ізгі ниеті мен ілтипатының  негізі болған күн. Аталмыш мереке елімізде қатарынан
Жетісу облысы

Өрттің 65 пайызы жылыту маусымында орын алады

Жетісу облысында жылыту маусымы басталғалы 16 өрт оқиғасы орын алған. Өңірде 2024-2025 жылға жылыту маусымына орай жеке тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жоспары әзірленіп, бекітілді. Өткен жылғы жылыту кезеңінің
Қоғам

Қаскелеңде қоқыс қыркүйектен бастап шығарылмаған: қала әкімі ескерту алды

Бұл туралы аудандық AMANAT партиясы Партиялық бақылау комиссия отырысында айтылды. Қарасай аданының орталығы қыркүйектен бері қоқыстан тазартылмаған. Ал мұнда 80 мың халық тұрады. «Қаскелеңде қоқыс шығарылмағалы бірнеше айдың жүзі болды.