Қоғам

Алматы облысы: Аманаттықтар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеді

Өңір бойынша азық-түлік тауарларының, дәрі-дәрмек, жанар-жағармай бағаларын тұрақтандыру мақсатында партия жанынан мониторинг топтары жұмыс атқаруда.

«Жыл басынан бері мониторинг топтары 749 нысанға барды. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында біз кейбір сауда орталықтары мен үй маңындағы дүкендерді араладық. Ірі сауда нүктелерінде тауарлардың кейбір түрлеріне бағаның өсуі байқалады. Талдау көрсеткендей, пияз, қырыққабат, ұн, айран секілді өнімдердің мамыр айларында бағалары жоғарылғаны байқалды», – деді партияның Алматы облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Амангелді Сембаев.

Аманаттықтар атап өткендей, сауда нысандары әлеуметтік маңызы бар 20-ға жуық азық-түлік тізбесіндегі тауар бағасының өсуіне жол бермеуі тиіс. Олай болмаған жағдайда олар өңірлік бәсекелестікті қорғау және дамыту депараменті немесе тұтынушылар құқығын қорғау департаменті сияқты құзыретті мемлекеттік органдардан айыппұл арқалауы мүмкін.

Сонымен қатар, облыста 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясы Сайлауалды бағдарламасының уәделерін орындау барысын жүйелі бақылап отыру үшін 38 партиялық бақылау бекеттері бар. Бұл ең алдымен орындалмау қаупі бар әлеуметтік нысандарда ашылды. Баннер шағым немесе өтініш жіберуге болатын жауапты тұлғаның байланыс нөмірлері орнатылған.

«Партиялық бақылау бекетінің басты мақсаты – құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ жалақының уақытылы берілуіне мониторинг жұмыстарын жүргізу. 40-қа жуық бекетке комиссия мүшелері айына бір реттен барып жұмыс сапаларын тексереді», – деді Амангелді Сембаев.

Айта кету керек, биыл партиялық бақылау комиссиясы облыста көтерілген 12 резонанстық мәселеге назар аударып, оның шешілуіне атсалысты.

Related Posts

Жетісу облысы

Текелі қаласындағы «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблінің мүшелері бүгінгі республикалық референдумда қаладағы дауыс беру учаскелеріне барып, шашу шашып, ән салып, ізгі тілектерін арнады. Ақ әжелердің бір тобы №447 дауыс
Қоғам

Жетісу облысына  ҚР Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек арнайы іссапармен келді

Жетісу облысына  ҚР Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек арнайы іссапармен келіп, жұртшылықпен жүздесті. Жиында өңірдегі спорттың дамуы жөнінде сөз қозғалып, саладағы кемшіл тұстар да айтылды. Жыл басынан бері Жетісу
Қоғам

1 желтоқсаннан бастап көлік иелеріне айыппұл салынады

Темір тұлпар тағасын қысқа дайындамаған жүргізушілер 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Бұл көрсеткіш биылғы жылдың соңына дейін сақталып, 2024 жылдың алғашқы күнінде салық саны артады. Осы жайында Жетісу облысы ІІД
Қоғам

Талдықорғандағы NIS оқушылары үздік танылды

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «E-Kurultay» инновациялық жобасымен қалалық хакатон сайысында үздік танылды. Өнертабыс қалалық мәселелер бойынша өтініштерді беру және өңдеудің қарапайым және тиімді арнасын ұсына отырып, азаматтардың жергілікті