News

Төтенше жағдай кезінде сирена қосу алгоритмі қайта пысықталып жатыр

Төтенше жағдай кезінде халықты хабардар ету үшін сирень-сөйлеу қондырғыларын қолдану алгоритмі министрлік деңгейінде қаралуда. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД басшысының орынбасары Данияр Қасымовтың қатысуымен өткен брифинг барысында айтылды.

Жалпы, халықты ақпараттандыру жүйесі төтенше жағдай кезінде шұғыл ақпаратты жеткізу мақсатында қолданылады.
Бүгінгі, сала мамандары қатер төнген сәтте, хабарламаны тарату үшін электр сиреналары, сирень — сөйлеу құрылғылары, теле-радио, хабар тарату, ұялы байланыс операторлары арқылы қысқа хабарламалар мен «Дармен» мобильді қосымшасы сынды құралдарды пайдаланады.
Спикердің сөзіне құлақ түрсе, сирена қосу үшін басшылықтан пәрмен түсуі тиіс екен, ендігі кезде аталмыш талаптарға түзетулер енгізілмек.

«Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі берген тапсырмаларды іске асыру шеңберінде қазіргі уақытта құлақтандыру жүйесін қолданудың ережелері мен регламенті қайта қаралуда. Биліктегілер бір шешімге келсе, облыстың қалалары мен аудандарында орнатылған сирень-сөйлеу құрылғылары арқылы ақпаратты үш рет беру арқылы халықты құлақтандыру жүйесі іске қосылады»,-деді Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Данияр Қасымов.

Бір сөзбен айтқанда, қауіптің алдын алу сипатындағы ақпарат халыққа сирень-сөйлеу құрылғылары арқылы екі тілде сөйлеу хабарламасы түрінде берілетін болады.Ал, төтеншеліктер, сирень-сөйлеу құралдары қосылғанда сабырлық сақтап, мәліметке құлақ асу керек деуде.

«Аймақ тұрғындарынан сирень-сөйлеу құрылғылары арқылы сөйлеу хабарламаларын естігеннен кейін дүрбелең туғызбауын сұраймыз. Біздің мақсатымыз азаматтарды қатерден сақтау», — дейді Данияр Болатбекұлы.