Жаңалық

Алматы облысынында 1 наурыздан бастап өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады

Өңірлік кадр резерві жобасының негізгі мақсаты — аймақты дамытуға талантты жастарды тарту.

Жобаның бірінші кезеңі 1-31 наурыз аралығында өтеді. Бұл туралы өңірлік комуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы Мұрат Мәдіғұлов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Арсен Абзалұлы айтты.

Баспасөз-мәслихаты барысында Мұрат Мәдіғұлов қатысушыларға қойылатын негізгі талаптарды атап айтты. Сонымен қатар, өблыста өңірлік резервке 4 бағыт бойынша 15 адам қабылданатыны айтылды. Агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, экономика және қаржы, цифрландыру, әлеуметтік салалар сынды 4 бағытты дамытуға өз үлесін қосатын жастар таңдалып алынатын болады.
Басты талаптарға тоқталатын болсақ, жас басқарушыларға 35 жастан аспайтын,жоғары білімінің, сондай-ақ кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуын айқындау ұсынылады.

«Елімізде жастарды қолдауға арналған түрлі жобалар бар. Солардың бірі — өңірлік кадр резерві жобасы. Қазіргі таңда, озық ойлы, бәсекеге қабілетті мамандар елімізге де, облысымызға да өте қажет. Байқаудың әрбір кезеңінің нәтижелері комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, кандидаттардың жеке кабинеттерінде, жобаның сайтында орналастырылатын болады. Сондай-ақ іріктеудің өту тілін және әр кезеңге қатысатын күні мен уақытын таңдау кандидаттардың құзыретінде. Жоба барысында жастар резервте 2 жыл көлемінде бола алады,-деді Мұрат Бақыткерімұлы.

Арсен Абзалұлы жоба қатысушысы болу үшін қандай кезеңдерден өту қажет екенін түсіндіріп өтті. Алдымен құжаттарды қабылдау кезеңі басталып, заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу жүргізіліп ,құзыреттерді бағалау мен комиссиядағы құрылымдық сұхбат өткізіліп, соңғы кезеңде резервке кандидаттарды қабылдау туралы ұсыныс шығарылады.
Еске саламыз, кандидаттар құжаттарды onir.pkrezerv.gov.kz сайтында тапсыра алады.

Related Posts

Жаңалық

Қонаевта бюджет есебінен 31 тұрғын үй бой көтереді  

Қазіргі таңда бюджет қаржысына 10-шағын ауданда 180 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Сондай-ақ әрқайсысы 60 пәтерлік 9 көпқабатты үйдің сметалық құжаттары жасалып жатыр. Бұл туралы Қонаев қаласының әкімдігі ұйымдастырған
Жаңалық

Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу жолдары қандай?

Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы өңірде кәмелетке толмаған қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандардың айтуынша, ерте жүктілік мәселесі бүгінгі күні өзекті тақырыптардың бірі.
Жаңалық

Алматы облысындағы астық науқаны: өзгерістер легі мен молшылыққа деген үміт Жаңа технологиялар — мол өнімнің кепілі: Алматы облысындағы астық науқаны

Алматы облысы биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлеміндегі өзгерістерге қарамастан, астықты мол жинауға дайын. Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, 2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 419,5 мың гектар жерді алып жатыр.
Жаңалық

Азаматтардың МӘМС-тегі мәртебесі бойынша топ-10 сұрақ

Пайдаланбаған ақшаны қайтаруға бола ма, неге МӘМС жүйесі жинақтаушы емес, жеке клиникада МӘМС есебінен қалай емделуге болады? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың жиі қоятын сұрақтарына жауап берді.   Мен «жұмыс істемейтін