Тұрғындар екі ауылдағы көшелерді жарықтандыру қажеттігін айтып, партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне бірнеше рет жүгінген.
Азаматтардың өтінішін ескерген партия өкілдері бұл мәселені сайлауалды бағдарламаның Жол картасына енгізіп, оны шешу үшін тиісті жұмыстарды бастады.
«Ауыл көшелерінің жарықсыз болуы кешкі уақытта тұрғындарға үлкен қиындықтар тудырды. Бұл мәселені шешуге партияның ықпал еткеніне ризамыз. Енді балаларымыз мектептен қауіпсіз оралып, тұрғындар кешкі уақытта көшеде еркін қозғала алады», – деп ауыл тұрғындары қуаныштарымен бөлісті.
Жобаның аясында Дардамты ауылының Гагарина және Жамбыл көшелеріне 50 жарық шамы, ал Сұңқар ауылының Райымбек, Әлдешбаев, Әуезов және Даулетбеков көшелеріне 135 жарық шамы орнатылды. Бұл жұмыстарды «Ақсу и СР» мердігер компаниясы толық аяқтады. Жобаның жалпы құны 8,3 млн теңгені құрады.
«Қос ауылдың көшелерін жарықтандыру – тұрғындар үшін маңызды мәселе болды. Біз бұл өтінішті ескеріп, Жол картасына енгіздік. Қазір ауыл көшелері жарықтанып, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалды. Бұл жұмыстарды «Ақсу и СР» мердігер компаниясы толық аяқтады. Жобаның жалпы құны 8,3 млн теңгені құрады», – деп атап өтті аудандық партия филиалының төрағасы Нұрсұлтан Болатұлы.
Айта кету керек, Ұйғыр ауданының басқа ауылдары бойынша да осындай жобалар жалғасып жатыр.