News

Ұнды фортификациялау – бұл туралы не білуіңіз керек?

Қазіргі уақытта дүкен сөрелерінде ұнның, соның ішінде бидай ұнының көптеген түрлері бар. Бірақ ұнды сатып алғанда, біз оның құрамына, байытылуына әрдайым назар аудара бермейміз. Осы орайда, фортификацияланған ұн деген не, бұл туралы не білуіңіз керектігіне тоқталсақ.

Байыту (фортификация) — тағамдық өнімді өндіру немесе қайта өңдеу процесінде оған дәрумендерді, минералдарды және басқа да заттарды тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру, сондай-ақ адамда олардың тапшы болуына байланысты аурулардың профилактикасы мақсатында енгізу.

Қазақстан Республикасының аумағында өткізу үшін өндірілетін нан пісіруге арналған жоғары және бірінші сортты бидай ұны құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен және басқа да заттармен міндетті түрде байытуға (фортификациялауға) жатады. Бұл біздің еліміздің заңнамасында – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде де көзделген.

«Темір тапшылықты анемиясы (бұдан әрі-ТТА) немесе анемия кең таралған аурулардың бірі. ТТА көбінесе балаларда, жасөспірімдерде және әйелдерде кездеседі. Анемия проблемасы Қазақстан үшін оның республика аумағында кең таралуына, болашақ ана мен балаға қолайсыз әсеріне байланысты өзекті болып отыр. Жетісу облысында 2024 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша анемия диагнозы алғашқы рет 4059 адамда анықталған, 8212 адам диспансерлік есепте тұрады»,- деп атап өтті Жетісу облысы басшысы Асхат Чарапиев.

ТТА алдын алудың ең қарапайым, арзан және қол жетімді әдісі-негізгі тағамдарды темір қосылыстарымен және витаминдік кешенмен фортификациялау (байыту). Байыту үшін бидай ұны кездейсоқ таңдалмаған. Ұн-дәрумендер мен темірдің ең қарапайым, арзан және қол жетімді көзі. Байыту процесі ұнның дәмін, түсін, иісін өзгертпейді, пісіру сапасы қалыпты болып қалады. Фортификацияланған ұнды тұтыну қауіпсіз. Ұнды фортификациялау тек бидайды тарту кезінде жоғалтқан құндылығын толықтырады, сондықтан мұндай ұнды тұтынуға қарсы көрсетілімдер жоқ.

Ұнды сатып алғанда, оның қаптамасындағы «фортификацияланған» сөзіне назар аударыңыз. Өзіңізде және жақындарыңызда темір тапшылығы анемиясының алдын алу үшін темір мен фолий қышқылымен байытылған ұн мен нанға басымдық беріңіз.