Медицина

Темекі шегудің зияны

Темекі шегу – адам денсаулығына ең маңызды қауіптердің бірі. Темекі шегу никотинге тәуелділікке әкеліп, сіз оны қайта-қайта шеккіңіз келетін болады.  Темекі түтінінде никотиннен басқа, денсаулыққа біртіндеп зиян келтіретін шайырлар, радиоактивті полоний, сынап, қорғасын, висмут, аммиак, органикалық қышқылдар сияқты бірқатар қауіпті химиялық заттар бар.

Фильтрлі немесе жеңіл темекілерді  шегу қауіпсіз деген  қате пікір. Кез-келген темекінің зияны шегушілер үшін бірдей. Ұзақ темекі шегу әртүрлі ағзалар мен жүйелердің ауруларына әкеледі. Ол кез-келген ағзада онкологиялық процесті тудыруы мүмкін, жүрек пен қан айналымына зиян келтіреді,  қан ұюдың,  инсульттің  пайда болу қаупін арттырады, сүйек массасының төмендеуіне, сүйек сынғыштығының жоғарылауына, ерлердегі, әйелдердегі импотенцияға, бедеулік, жатыр, мойын обырының дамуына және басқа да бірқатар ауруларға әкелуі мүмкін. Терінің ерте қартаюын тудырады.

Темекі шегудің ең зиянсыз салдары жаман тыныс, тіс эмалының түсінің өзгеруі, қызыл иектің қабыну аурулары және дәм сезімдерінің бұзылуы мүмкін.

Халық арасында темекі шегудің алдын алу темекі бағасының өсуіне, сатудың жас шектеулерін сақтауға, жасөспірімдер мен ересектер арасында темекі шегудің зияны туралы тұрақты ақпаратқа негізделген. Бірақ, осыған қарамастан, көпшілік   бұл зиянды әдеттен арылуға асықпайды.

Жасөспірімдерде темекі шегуге деген мотивация ересектер мен достардан  еліктеуден басталады, қызығушылық, ләззат алу, заманауи емес, сәнді болмаудан  және құрдастарының артында  қалудан қорқу, өзін-өзі растау, «компанияны» қолдаудың бәрі «істейтін іс жоқтықтан» екендігін атап өткен жөн. Сондықтан, ересек тұрғындар болашақ ұрпаққа  үлгі болып, қолдау көрсету үшін өздерінен бастау керек. Балалар мен жасөспірімдерге денсаулық пен салауатты өмір салтының құндылығын түсінуге дағдыландыру және темекі шегудің басталуын болдырмау,  шегетіндер арасында темекі шегуді тоқтату қажет.

Өскелең ұрпаққа спортпен шұғылдануды дағдыландыру, отбасында темекі шегуге деген теріс көзқарасты көрсету, оқуда жанжалдарға жол бермеу және балаларға жоғары сыныптарда бейімделуге көмектесу керек.

Адам темекіні тастағысы келген кезде мына сиптомдар болуы  мүмкін:  ашушаңдық, зейіннің төмендеуі, ұйқының қиындауы, тәбеттің жоғарылауы, темекіге деген тартылыс. Темекі шегу ер адамның өмірін шамамен 12 жылға, ал әйелдің өмірін шамамен 11 жылға қысқартатынын ұмытпау керек. Сондай-ақ, темекі шегушілер өздерінен басқа айналадағыларға да — пассивті темекі шегушілер деп аталатын,  темекі шекпейтін, бірақ белгілі бір жағдайларда темекі шегушінің қасында болуға мәжбүр адамдарға  өз  зардабын тигізетінін ұмытпау керек.

Сіз қалай темекі шегуді тоқтатасыз, солай  денсаулығыңыз жақсарады және денеңіз қалпына келе бастайды.

 

 

Related Posts

Медицина

Құтырма – өлімге әкелетін ауру

Жыл сайын әлемде бұл аурудан 300 мыңға дейін адам мен миллионға жуық жануар өледі. Құтырма Қазақстан Республикасындағы ауыр аурулардың бірі болып табылады. Құтырма – аса қауіпті инфекциялық ауру, оның қоздырғышы
Жетісу облысы

Биыл  Жетісу облысында  94  медициналық  нысан  іске  қосылады

Денсаулық  сақтау  саласын  дамыту  мақсатында  осы  жылдың  бірінші  жартыжылдығында  облыстағы  бірқатар медицина мекемелері жаңа құрал-жабдықпен толықты. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді. Сала маманы есепті кезеңде Жетісу облысында 94 
Жетісу облысы

Жетісу облысында ақпан айынан бастап мектеп асханаларын тексеру басталды

2024 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтер талаптарының сақталуына мектеп асханалары мен буфеттерін тексеру басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында
Медицина

«Медицина үздігі – 2024» жеңімпаздары марапатталды

Жетісу облысында медицина қызметкерлерінің күніне орай «Медицина үздігі – 2024» конкурсының жеңімпаздары марапатталды. 14 номинация бойынша мамандар үздік деп танылып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жанcеңгіров 800 мыңнан 2