Жетісу облысыҚұқық

ҮШЕМНІҢ АТА-АНАСЫ ДАУЫС БЕРДІ

Алдабергенов ауылдық округінде тұратын Имангабуловтар отбасында 2020 жылы үшем дүниеге келді. Имангабулов Айдос пен Имангабулова Маржан бір күннің ішініде көпбалалы отбасылардың қатарына қосылды. Бұл отбасыда алдында екі баласы болған. Имангабуловтар балаларына патриоттық сезім сіңіріп сайлауға отбасымен келді.


«Бүгін біз отбасымызбен келіп дауыс бердік. Балаларымыз қазақстанның үлгі тұтар азаматтары болып оскенің қалаймыз. Сол себепті біз әр кезде балаларымызға үлгі көрсетеміз. Референдумда дауыс беру біздің парызымыз. Жарқын болашаққа дауыс беруге шақырамын» деді үшемнің әкесі Айдос Имангабулов.