«Жанұя» орталығы әлеуметтік осал отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуді жалғастыруда

Арайлым Нұржапар
Disclosure: This website may contain affiliate links, which means I may earn a commission if you click on the link and make a purchase. I only recommend products or services that I personally use and believe will add value to my readers. Your support is appreciated!

2020 жылдан бері Талдықорғанда жұмыс істеп келе жатқан «Жанұя» отбасыны қолдау орталығының басты мақсаты — көпбалалы, аз қамтылған және әлеуметтік осал отбасыларға кешенді көмек көрсету. Орталық психологиялық, құқықтық және әлеуметтік қолдау ұсынып, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады.

Мекеменің негізгі бағыттарының бірі — әлеуметтік осал топтағы әйелдерді тегін оқыту. Орталық ашылғалы бері қысқа мерзімді курстардан 409 ана өтті. Курстар аспаз, кондитер, тігінші, массажист, визажист мамандықтары бойынша ұйымдастырылады, сонымен қатар компьютерлік сауаттылық бойынша сабақтар өткізіледі. Оқуды аяқтаған соң қатысушыларға сертификаттар табысталып, жұмысқа орналасуға қолдау көрсетіледі. Биыл бұл курста 23 азаматша білім алуда.

Сонымен қатар, орталықта балаларға да ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта 198 оқушы ағылшын, қазақ, орыс тілдері мен математика пәндерінен қосымша білім алуда. 1-11 сынып аралығындағы оқушыларға арналған бұл сабақтар олардың білімін тереңдетіп, өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуетін дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ, орталықтың қызметтері «Бір терезе» қағидаты бойынша eGov порталы арқылы да белсенді түрде көрсетілуде. Соңғы бірнеше айдың ішінде 5 мыңнан астам цифрлық қызмет көрсетілді. Олардың қатарында ЭЦҚ алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, атаулы әлеуметтік көмек алу және түрлі анықтамалар беру қызметтері бар.

Share This Article
Leave a Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *