NewsЖетісу облысы

Жаркентте «Социалистік Еңбек ардагері» Күләш Айтжанова дауыс берді

Панфилов ауданы, Жаркент қаласында Социалистік Еңбек ардагері Күләш Айтжанова референдумға белсене қатысып, өз таңдауын жасады.
Күләш Айтжанова бала кезінен еңбек етіп, қажырлы әрі табанды болып өскен ұрпақтың көрнекті өкілі. Өңірімізде өтетін әр маңызды шарада өзі белсенді болып, атсалысып отырады.
«Бүгін мен елімнің болашағы үшін өз үлесімді қосқалы келіп отырмын. Әр адам дауыс беруге белсене қатысуы керек. Себебі біз жаңа Қазакстанды бірге жасауымыз керек. Бүгінгі сайлау – өзгерістерге бастайтын маңызды қадам деп білемін», — деді Күләш апа.
Күләш Айтжанова 2010 жылдан бастап, «Айтжанова» шаруа қожалығының төрайымы және 1971 жылы 8 сәуірде КСРО Жоғары кеңесі Президиумының Жарлығымен ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудағы ерекше жетістектері үшін «Социалистік Еңбек Ері» және «Алтын жұлдыз» орденімен, Ленин Орденімен, «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалдарімен марапатталған. Сонымен қатар, «Панфилов ауданының Құрметті Азаматы» атағының иегері .