Жаңалық

Алматы облысында 98 ауыл интернетке қосылады

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 949 қаулысымен Байланыс саласындағы «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы бекітілді.
Жоба негізінде ауылдарды талшықты-оптикалық байланыс арқылы интернетке қосу жүзеге асырылуда. Меже 98 ауылды кең жолақты интернетке қосу, бұл жоспар 2027 жылы орындалады деп күтілуде.
Сонымен қатар, «Кең жолақты қолжетімділік қызметтерін ұсыну үшін ғарыштық байланыс жүйесінің ресурстарын пайдалана отырып, аз қоныстанған ауылдарда спутниктік арналарды ұйымдастыру» жобасы бойынша 8 ауыл интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде.

«Облыс халқын тұрақты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-мен шағын байланыс операторларына электр беру желілерінің тіректерін өтеусіз орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 27 шағын байланыс операторлары облыстың 134 елді мекенінде талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясына негізделген жоғары жылдамдықты интернет жүргізу жұмыстарын жүргізілуде»,-дейді облыстық Цифрлық технологиялар басқармасының бас маманы Тұран Талғатұлы.

Ауыл мектептеріде «Қолжетімді интернет» жобасынан тыс қалмақ емес. Мәселен, былтырғы жылы спутниктік технологияға негізделген жоғары жылдамдықты интернетке қосудың пилоттық жобасы шеңберінде облысымыздың шалғай елді мекендерінде орналасқан 8 мектеп Starlink жылдамдығы 200 Мбит/с-ке дейін жететін интернтке қосылды. Ал, биыл тағы 65 білім ошағын интернетпен қамту көзделген.
Шалғай ауылдармен қоса демалыс орындарында да интернет қол жетімді болмақ. Оған дәлел, Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы мен «Freedom Telecom» ЖШС жасасқан меморандум негізінде Қонаев қаласының қалалық жағажайы мен паркіне тегін Wi-Fi нүктелерімен қамтамасыз еткен еді.

Related Posts

Жаңалық

Жетісу облысында 41 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундалды

Бүгінде Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайда тұрақтылық тенденциясы байқалады. Өңірде алғашқы нақтамамен 835 жағдай тіркеліп, оның ішінде 593  зертханалық расталған. Бұл туралы Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат
Жаңалық

Алматы облысында тау курортын дамыту үшін меморандумға қол қойылды

Табиғаттың лағыл - маржаны тоғысқан өлке, Алматы облысының туристік әлеуеті жоғары. Аймақтағы сұлулықты көзбен көруге келетіндердің саны жыл санап артып келеді. «eQonaq» жүйесінің мәліметі бойынша билығы жылдың соңғы алты айында
Жаңалық

Электромагниттік өрістің адам денсаулығына әсері

Қазіргі әлемде бәріміз тұрмыстық электронды құрылғылармен (теледидарлар, компьютерлер, микротолқынды пештер, ұялы байланыс аппараттары) қоршалғанбыз және осы құрылғылардан бөлінетін техногендік электромагниттік өрістердің теріс әсеріне ұшыраймыз. Жетісу облысының СЭБ Департаментінің бақылауында 850
Жаңалық

Алматы облысында МӘМС арқылы 400-ге жуық ота жасалды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мүмкіндігі зор. Бұл жүйе аясында Алматы облысы орталығындағы көпсалалы ауруханада жыл басынан бері 400 ге жуық ота жасалған. Жуырда иық артериясы диагнозымен Қонаев тұрғынына операция жасалыпты.