News

Жаслан Мәдиев: Алатау қаласы — «ақылды қала»

Кездесуге цифрлық даму министрігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Алматы облысымен Алатау қаласы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ байланыс операторлары мен«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілдері қатысты.

Халықпен кездесу барысында министр облысты қолжетімді интернет пен байланыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірде IT-саланы дамыту бөлігінде жүргізіліп жатқан жобалар мен жұмыстар туралы айтты.

Мемлекет басшысы Алатау қаласын флагмандық жобамен айқындады. Дәл осы жерде жетекші халықаралық іскерлік хабқа айналатын жаңа интеграцияланған мегаполис салу жоспарлануда.

Цифрлық даму министрлігінің басшысы Алатау қаласы «Ақылды қала» екенін атап өтті. Оның айтуынша, цифрландыру және автоматтандыру барлық маңызды процестерді қамтиды. Ақпараттық-коммуникациялықтехнологиялар денсаулық сақтау, жол және көлік,қауіпсіздік және басқа да көптеген салалардақолданылатын болады. Жоғары жылдамдықтыинтернетті кеңінен енгізу сымды, талшықты-оптикалық және сымсыз қол жеткізу арналарынқамтиды.

«Алматы облысында қазірдің өзінде ақылдытехнологиялар енгізіліп, «Smart City» тұжырымдамасы іске асырылуда. Қазіргіуақытта Қонаев қаласында «109» бірыңғайбайланыс орталығы, «Алсеко« бірыңғай есеп айырысу орталығы жұмыс істейді, барлықавтобустарда электрондық билеттеу жүйесііске асырылды. Мектептерде қауіпсіздіктіқамтамасыз ету үшін полицияның жедел басқаруорталығына кіруді басқару және бақылаукамералары орнатылған», деді ЖасланМәдиев.

Сондай-ақ, министр Алматы облысында IT-индустрияны дамытудың жаңа кезеңі өңірлікAlatau Hub ашу болып табылатынын атап өтті. ОлAstana Hub білім беру және инкубациялықбағдарламаларын тарататын болады. Жақынарада хабта ойын әзірлеу және дизайн негіздерібойынша білім беру курстарын өткізужоспарлануда. Сондайақ компьютерліксауаттылық, цифрлық маркетинг жәнеэлектрондық коммерция бойынша арнайыкурстардың бірлескен бағдарламасын іске қосужоспарлануда.

Сондай-ақ, министр Алматы облысында IT-индустрияны дамытудың жаңа кезеңі өңірлікAlatau Hub ашу болып табылатынын атап өтті. ОлAstana Hub білім беру және инкубациялықбағдарламаларын тарататын болады. Жақынарада хабта ойын әзірлеу және дизайн негіздерібойынша білім беру курстарын өткізужоспарлануда.

Бүгінгі таңда Алматы облысында 11 ХҚКОжұмыс істейді, оның ішінде 1 арнайы ХҚКО, 42өзіне-өзі қызмет көрсету секторы және 32Мемлекеттік корпорацияның БЭК-офисі бар.Айта кетейік, 2023 жылы «Азаматтарға арналғанүкімет» филиалының қызметкерлері 798 мыңнанастам мемлекеттік қызмет көрсетсе, ағымдағыжылдың 4 айында 295 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсеткен.

«Бүгінгі таңда Алатау қаласы халқыныңқажеттіліктерін Қазпошта бөлімшесі ішінаражабады, онда 27 қызмет түрі көрсетіледі.Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатындаәкімдікпен бірлесіп Алатау қаласында ХҚКОбөлімшесін ашу мәселесі пысықталды, ондаазаматтар мемлекеттік қызметтердің барлықтүрлерін ала алады», деді Арман Кенжеғалиев.

Сонымен қатар, кездесуге Телекоммуникациякомитетінің төрағасы Ержан Мейрамов ұялыбайланыс пен интернетті дамыту жоспарларыменбөлісті. Бүгінгі таңда Алматы облысында 384 елдімекен бар, оның ішінде 319 ауыл 4G-ге қосылған.

«Министрлік Алматы облысының әкімдігіменжәне ұялы байланыс операторларымен бірлесіп2023-2027 жылдарға арналған байланыс жәнемобильді интернет сапасын жақсарту бойынша Жол картасын әзірлеп, қол қойды. Сондай — ақ, шекаралас 52 ауылда ұялы байланыс пенИнтернеттің сапасын жақсартуға ниетті», деп атап өтті Ержан Мейрамов.

Сонымен қатар, брифинг барысындаминистрге облыстың елді мекендеріндегі ұялыбайланыс, интернет, жасанды интеллект, ұялыбайланыс туралы сұрақтар қойылды.