Жаңалықтар

Жетісу облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында электрдабылдар қосылатынын хабарлайды

Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары!

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылғы 21 қараша күні сағат 11-00 облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында электрдабылдар қосылатынын хабарлайды, сонымен қатар жоспарлы сейсмикалық жаттығу өтеді.

Осыған орай, Сіздерден үрейге салынбауларыңызды және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар Жетісу облысының ТЖД Сіздерге Төтенше жағдайлар орын алғанда жағдайда электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады.

Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:

— радио және теледидарды қосыңыз;

— шұғыл хабарды тыңдаңыз;

— берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:

— көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен және жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;

— берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Сурет: ашық дереккөздерден.